Researcher Connect тренингі өтеді

07.11.2017

Көрулер: 3473

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізінде құрылған Алматы қ. кәсіби даму және өзара әрекеттесу орталығы Британдық кеңеспен бірге зерттеушілердің біліктілігін арттыру бойынша Researcher Connect тренингі болады. Үш күндік Researcher Connect тренингі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2017 жылдың 23-25 қарашасында өтеді. 

Researcher Connect – бұл түрлі зерттеу сатысындағы және кез келген академиялық салада жұмыс атқаратын зерттеушілерге арналған интербелсенді курс. Бұл курстар халықаралық дәрежеде коммуникациялық дағдыларды жетілдіруді көздей отырып, кәсіби дамуға бағытталған.

Тренингке Алматы қ. және Алматы облысы университеттердің және зерттеу институттарының 20 өкілі қатысады. Қатысушылар өз зерттеулерін ары қарай алға тарту және өз еңбектерін жариялау тиімділігін арттыру үшін пайдалануы мүмкін жазу және сөйлесу дағдыларын жетілдіре алады.  Нәтижесінде осы тренинг қызметкерлері қатысатын ұйымдар өз зерттеулерінің сапасын арттыра алады, сонымен қатар халықаралық мәртебесін және рейтингін бекітеді.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:

 

Алматы қаласында кәсіби даму және өзара әрекеттесу орталығының байланыс деректері

 

Диляра Вудворд

cpdkaznu@gmail.com

Tel.: +7 (727) __________ 

British Council

 

 

 

 

Елена Сим

communications@kz.britishcouncil.org

Тел.: +7 (727) 244 41 44