Жүлдегер атануға асығыңыз!

10.10.2017

Көрулер: 1661

2017 жыл 18 қазан күні журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Әл-Фараби университеті - NIKON объективінде» атты фотосайыс өтеді. Фотосайыста өз факультетіңіздің бір күндік фотошежіресін жасап (фотосуретке түсіріп), жүлдегер атануға асығыңыз!

Ол үшін 10 қазан күні сағат 13:00-14:00 (230 ауд) не 13 қазан сағат 9:00-10:00 (227 ауд) өтетін іріктеу кастингіне келіңіз және мына элэктронды поштаға fotooner@mail.ru  өзіңіз жайлы ақпарат жіберіңіз. Үздік үш фотожұмыс Қазақстандағы Nikon өкілдігі мен «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады, ал қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталады.