Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының өзекті мәселелері
Көрулер: 3516
ҚазҰУ-да Қазақстанға әйгілі ғалым-заңгер, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектеп Академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартайұлы Сартаевтың 90 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық қызметіне 68 жыл толуына арналған «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысының орынбасары Т.С. Донаков; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот төрағасы К.А. Мами; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы И.И. Рогов; Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ж.К. Асанов, Қазақстанның және шет мемлекеттердің заң саласының ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, «Нұр Отан» саяси партиясының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Қазақстанның білім мен ғылымының өкілдері қатысады.Шараға Қазақстанның және шет мемлекеттердің заң саласының ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттардың мамандары, мемлекеттік мекемелер мен «Нұр Отан» саяси партиясының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады.
Конференция жұмысында төмендегі мәселелер қарастырылады:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыстың және құқықтық жүйенің дамуының өзекті мәселелерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдірудің негізгі жолдарын және өзекті мәселелерін ашу;
- Қазақстанның конституциялық заңнама жүйесін дамытудың келешегін анықтау;
- Академик С.Сартаевтың мемлекеттік-құқықтық көзқарасын талқылау;
- Академик С.Сартаевтың заң ғылымын және құқықтық тәжірибені дамытуға арналған ғылыми жұмыстардың маңыздылығын анықтау.
Өткізілу уақыты: 14 қазан 2017 жыл, сағат 10.00
Өткізілу орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ (ректорат, 15-қабат, мәжіліс залы)
Ұйымдастырушылар: ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ұйымдастыру комитеті: ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тел.: 8 (727) 221-12-55, 87075751175, 87771110311 Турсынкулова Динара Ахановна