Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес
Көрулер: 4406
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2017 жылдың 20 қазанында «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес: 25 жыл серіктестік пен қауіпсіздік жолымен» атты АӨСШК құрылуының 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Шараны Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігі, АӨСШК хатшылығы, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Өкілдігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастыруда.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның шеңберінде АӨСШК халықаралық бірден-бір форум ретіндегі рөлі мен Азиядағы қауіпсіздік пен серіктестік жөніндегі сұрақтар, жаһандану талаптарына сай жаңа сын-тегеуріндердің өзекті мәселелерін шешу мен оларға жауап іздеу жолында мемлекеттердің бірігіп әрекет етуіндегі халықаралық институттардың маңыздылығын арттыру мәселелері қарастырылады.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекеттік құрылымдардың, академиялық және эксперттік қоғамдастықтың өкілдері, жас ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.
Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми Кітапхана, 4-қабат.
Жұмыс уақыты: 10.00-13.00.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Байланыс ақпараты: Деловарова Лейла Федоровна, 8 701 365 88 08,
E-mail: delovarova@mail.ru.
Александров Виталий Русланович, 8 778 948 37 00
E-mail: vit.alexandrov@gmail.com