«Тілдер фестивалі» апталығы басталды

18.09.2017

Көрулер: 3638

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін «Тілдер фестивалі» апталығы басталды.

18-23 қыркүйек аралығында Тәрбие жұмысы жөніндегі Департаменттің ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан шараның алғашқы аптадағы шымылдығын төмендегі факультеттердің кафедра ұжымы ашатын болады.

Факультет және кафедра атауы

Іс-шараның тақырыбы

Өтетін уақыты

1

География және табиғатты пайдалану факультеті.

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы 

«Ана тілі арың бұл» пікірталас

 

18 қыркүйек

сағат 16.00

2

Тарих,археология және этнология факультеті.

Қазақстан тарихы кафедрасы

«Туған тілім тұғырым»  атты факультет көлеміндегі ашық  тәрбие сағаты

19 қыркүйек

сағат 14.00

 

3

Шығыстану факультеті

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

«Туған ел тұғырың, туған тіл қыдырың» атты поэзия кеші

20 қыркүйек сағат 15.00

4

Экономика және бизнес жоғары мектебі.

Экономика кафедрасы

«Ана тілім – тірлігімнің тірегі» тақырыбында поэзиялық кеш

 

19 қыркүйек сағат 19:00