Ғылыми-инженерлік қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

12.09.2017

Көрулер: 4022

2017 жылдың 2-6 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында ЭКСПО 2017 Астана (Болашақ энергиясы) шеңберінде  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғылым және технологиялардың тұрақты дамуы бойынша Оңтүстіктегі Комиссиясымен (COMSATS) бірлесе, Білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша Ислам қауымдастығымен (ISESCO) ұйымдастырылатын «Шағын бизнес кәсіпорындарында, зерттеу институттары мен университеттерде пайдаланылатын ғылыми-инженерлік қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету» атты ұлттық семинар өтеді.  

Семинар ағылшын тілінде жүргізіледі, семинарға қатысу тегін.

Семинар жұмысына қатысуға ниет білдірушілердің барлығын шақырамыз.

Семинарға қатысу сұрақтары бойынша Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің Инновация және зияткерлік меншік басқармасына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Байланыс тел.: 221-13-92, Ardak.Karagulanova@kaznu.kz