Мемлекеттік қызмет көрсетудегі сыбайлас жемқорлықты жою механизмдері

11.09.2017

Көрулер: 3306

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудегі сыбайлас жемқорлықты жою механизмдері» тақырыбына арналған қалалық дөңгелек үстел өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызмет көрсетудің құқықтық реттелу, мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудегі сыбайлас жемқорлықты жою механизмдерін онтайландыру мәселелерін талқылау болып табылады.

Дөңгелек үстелдің міндеттері:

- мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық элементтерін талқылау және есептерін тыңдау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою жолдарын көрсету;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққ қарсы іс қимыл бойынша шараларды арықарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қалсы бойынша Департаментінің өкілдері, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жетекші ғалым-заңгерлер қатысады.

Іс – шараға қатысушылар 2017 жылдың 11 қыркүйегіне дейін баяндамаларының тақырыбы мен тезистерін мына мекен-жәй бойынша бере алады: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы – 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, 3 - Бас оқу ғимараты, 3-қабат, 325 кабинет; байланыс телефондары: 8 (727) 377-33-35 ішкі 12-55; е-mail: obshestvo.priem@gmail.com

Өткізу уақыты және орны: 12 қыркүйек 2017 ж. Сағат 11.00-де. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 3 - Бас оқу ғимараты, 4-қабат, 410 кабинет.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы.