ҚазҰУ-да ISESCO-ның ұйымдастырумен ұлттық семинар өтеді

09.08.2017

Көрулер: 3980

2017 жылдың 4-8 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында Астана қ. ЭКСПО - 2017 (Болашақ энергиясы) көрмесі шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ғылым және технологиялардың тұрақты дамуы бойынша Оңтүстіктегі Комиссиямен (COMSATS) бірлесе отырып Білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша Ислам қауымдастығының (ISESCO) ұйымдастыруымен «Кіші бизнес кәсіпорындарында, зерттеу институттары мен университеттерде пайдаланылатын ғылыми-инженерлік қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету» атты ұлттық семинар өткізу жоспарлануда.

Семинар ағылшын тілінде жүргізіледі, семинарға қатысу тегін.

Ниет білдірушілердің барлығын семинар жұмысына қатысуға шақырамыз.

Семинарға қатысу бойынша сұрақтармен Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің Инновация және зияткерлік меншік басқармасына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Байланыс телефоны: 221-13-92, Ardak.Karagulanova@kaznu.kz