ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

25.04.2017

Көрулер: 4477

ПРОФЕССОР С.М. ЖАҚЫПОВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БАСТАУДАН ҚАЗІРГІ ТАҢҒА ДЕЙІН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2017 жылдың 27 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде атақты қазақстандық психолог және педагог, психология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыповтың құрметіне арналған «Психологияның теориялық және қолданбалы мәселелері: бастаудан қазіргі таңға дейін» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді. Конференцияда жалпы, әлеуметтік және этникалық психологияның қазіргі таңдағы сұрақтары, оқыту және тәрбиелеу психологиясы, сонымен қатар клиникалық психологиядағы, кеңес берудегі, кәсіби іс-әрекет психологиясындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер қарастырылады. Конференцияға Қазақстанның, сонымен бірге алыс және жақын шетелдің 80-нен астам ғалымдары және практик-психологтары қатысады.

Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыпов М.В. Ломоносов атындағы ММУ психология факультетін бітірген. Мәскеуде кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғады. 10 жылдан аса әл-Фараби атындағы ҚазҰУ этникалық және педагогикалық психология кафедрасын меңгерді. Қазақстандық ғалым-психологтарды, яғни 9 ғылым докторларын, 50 ғылым кандидаттарын, 5 PһD докторларын және 51 психология магистрін дайындады.

Конференцияның пленарлық мәжілісі аясында психологиялық ғылым саласында профессор С.М. Жақыпов атындағы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының I-Республикалық конкурсының қорытындысы болады. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар беріледі.

Конференция жұмысының басталуы: 27 сәуір сағат 10.00, ФжСФ, 123 ауд.

Өткізілетін жері және уақыты: 2017 жылдың 27 сәуірі. Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті (Масанчи к. 39 Бөгенбай батыр к-нің қиылысы)

Конференцияны ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Қосымша ақпарат алу үшін: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафдрасы. Байланыс телефондары: +77017560547; 8 (727) 2925717 (ішкі нөмір 2131) Кабакова Майра Победовна