«Көші-қон және сыртқы шекаралардағы қауіпсіздік»

25.04.2017

Көрулер: 4100

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Еуропалық ақпараттық Орталығы «Көші-қон және сыртқы шекаралардағы қауіпсіздік» тақырыбында «Еуропалық Одақ Шағын-Моделін» өткізеді.

Еуропалық Одақ Шағын-Моделі ЕО Кеңесінің – ЕО-қа мүше мемлекеттердін сыртқы істер министрлерінің кездесуі түрінде өткізіледі.

Біздің іс-шарада әл-Фараби атындағы ҚҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері, басқа да Алматы қаласының ЖОО-ы студенттері бірлесіп қатысады.

Аталмыш іс-шараның мақсаты Еуропалық Одақ Кеңесінің қызметі мысалында студенттерді ЕО институттарымен таныстыру, қазіргі кезеңдегі көші-қон мәселелерін зерделеу және талқылау барысында сөз сөйлеу дағдыларын меңгеру  болып табылады.

Шағын-Модельге Елші, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы Траян Лауренцю Христеа қатысады.

Өткізу уақыты: 27.04.2017 жыл, сағат 10.00-15.00

Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің Мәжіліс Залы (Қарасай Батыр көшесі 95).