Әйелдер мен қыздардың ғылымдағы халықаралық күні

14.03.2017

Көрулер: 4214

 Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы әйелдер мен қыздардың ғылымдағы Халықаралық күніне орай дөңгелек үстел өткізеді. 

Іс-шара ЮНЕСКО- ның Алматыдағы Кластерлік Бюросымен және «БҰҰ- Әйелдер», БҰҰ әлеуметтік ақпарат департаментімен серіктестікте ұйымдастырылады.

Іс-шара әйелдерді ғылым мен жобаларда қолдауға бағытталатын, ғылыми зерттеулердің ілгері жылжуында әйелдерді ынталандыруға мүмкіндік беретін бастамалар мен ғылыми зерттеулер, бағдарламалар туралы насихаттауды ұлғайтуға сондай-ақ, ғылымды дәріптеуге және осы салаға жастарды тартуға бағытталған. Ғалым-әйелдер туралы деректер топтамасы мен белгілі бір аймақтар мен елдер, соның ішінде Орталық Азия бойынша қызмет салалары туралы мәліметтер ұсынылады.

Дөңгелек үстел 2017 жылдың 15 наурызында, сағат 14.00-16.00-де өтеді.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби кітапханасы, 4 қабат, 409 зал.

Ұйымдастырушылар: Ященко Р.В., Минжанова Г.М.