Сана" - "әл-Фараби" радиосының 20 жылдығына

21.12.2016

Көрулер: 4396

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақ радиосының" 95 жылдығы, "Шалқар" радиосының 50 жылдығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің студенттік "Сана" - "әл-Фараби" радиосының 20 жылдығына арналған "Қазақ радиосы" - дәстүр мен жаңашылдықтың медиамоделі" атты республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Өтетін орны: 2016 ж., 23 желтоқсан, сағат 11:00  әл-Фараби кітапханасы, №4 қабат конференц-зал.

Конференция аясында ең үздік студенттік радио бағдарламаға байқау жарияланды.

Байқау мынадай номинациялар бойынша өтті:

- Ең үздік ақпараттық бағдарлама;

- Ең үздік спорттық бағдарлама;

- Ең үздік музыкалық бағдарлама;

- Ең үздік имидждік- ролик;

-  Ең үздік жаңалықтар топтамасы.

Байқау жеңімпаздары Қазақ радиосы мен Шалқар радиосының және әл-Фараби радиосыны шығармашылық үжымдарының арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

Конференцияға «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосының ардагерлері, бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық электронды БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттері мен магистранттары, докторанттары қатысады. Ғылыми жиында аталған мәселелердің аясында, ұсынылған кепілдемелер жинақ түрінде тегін жарық көреді.

Қосымша ақпарат: 

Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айынан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Бүгінде Қазақ радиосы тәулік бойы 9 тілде хабар таратады: қазақ, орыс, неміс, ағылшын, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілінде. Аптасына 148 хабар эфирге шығады. Қазақ радиосының ресми сайты http://kazradio.kz 2006 жылдың 08 тамызынан бері интернет кеңістігінде. Онлайн трансляция 2011 жылдың 18 шілдесінен бері жұмыс істейді.

«Шалқар» ұлттық арнасы 1966 жылдың 1-қаңтарында ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады.

«Шалқар» радиосы - республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна. Ғаламтордағы http://shalkarfm.kz жеке сайты арқылы әлемнің әр түкпірінен тыңдау мүмкіндігі бар.

Байланыс үшін:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ, әл-Фараби, 71,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева, Телефон: (8-7273) 77 33 40 қосымша 1351; Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.П.Сапарходжаева.

Телефон: (8-7273) 77 33 41 қосымша: 1351, +77019852499.