Қазақстандық дипломаттармен кездесу

30.11.2016

Көрулер: 3744

Халықаралық қатынастар факультетінде  танымал қазақстандық дипломаттар А.Ш. Джамбуршин және Қ.И. Исағалиевпен кездесу өтеді. 

Қазақ дипломаттары  қазақстандық дипломатияның жетістіктері мен елдің болашағы және халықаралық қауымдастықтағы Қазақстанның рөлі, егемен Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы туралы естеліктермен бөліседі.   

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Ұйымдастырушылар: халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылары проф. М.Ш. Губайдуллина, проф. Ғ.А. Мовкебаева, доц. Ж.Қ.Идрышева, 2 курс магистранттары А. Старкова, М. Даркембаева

 

Барлық келем деушілерге есік ашық!

 

 

Күні: 02 желтоқсан 2016 жыл (жұма) 

Уақыты: 14.00 – 15.30

Өтетін орны: Қарасай батыр көшесі, 95, Халықаралық қатынастар факультеті, Ғылыми Кеңес залы.