24-25 қазанда Алматыда «Биосфералық резерваттар мен тұрақты даму» атты конференциясы өтеді

22.10.2016

Көрулер: 3986

24-25 қазанда Алматыда «Биосфералық резерваттар мен тұрақты даму» атты ЮНЕСКО-ның (SACAM) Оңтүстік-«Орталық-азиялық биосфералық резерваттар жүйесінің 8-ші конференциясы өтеді.

Негізгі көтерілетін тақырып 2016-2025 жылдарға арналған «Адам және биосфера» атты ЮНЕСКО бағдарламасының Лимдік жоспарының жүзеге асырылуына арналады.

 Конференция жұмысына шетелдік 55 ғалым ( Әзербайжан, Ауған, Бангладеш, Бутан, Индия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Мальдив, Непал, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка), ҚР ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, UNESKO және ISESCO істері бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Асель Өтегенова және тағы басқалары қатысады.

 Биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу және арнайы аймақтарды құру туралы идеясы 1974 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» (МАБ) бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Бірінші биологиялық резерват АҚШ-та пайда болып, 1976 жылы биосфералық резерватына алғаш рет түсініктемелік анықтама берілді. Бүгінде халықаралық биосфералық резерваттар жүйесіне 120 елдің 651 нысаны кіріп отыр.

 ЮНЕСКО-ның Оңтүстік және Орталық Азия (SACAM) елдеріндегі халықаралық биосфералық резерваттар жүйесі 2001 жылдың ақпанында бірінші аймақтық жиынында құрылды. Қазігі уақытта Қазақстанда ЮНЕСКО-ның 6 биосфералық резерваты бар: Қолғалжың (2012ж.), Алакөл (2013ж.), Қатон-Қарағай (2014 ж.), Ақжайық (2014ж.), Ақсу Жабағалы (2015 ж.), Барсакелмес (2016ж.).

 Шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы бойынша Қазақстан ұлттық комитеті (МАБ), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

 Шараның өтетін мекенжайы мен уақыты: 24-25 қазан, «Holiday Inn Almaty» қонақ үйі, басталуы 9: 30-да.

ҚазҰУ БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасы.

Байланыс телефондары: 8(727) 377 3148/49 www. kaznu.kz