Шетелде білім алу

27.09.2016

Көрулер: 4078

Құрметті ҚазҰУ студенттері, магистранттары мен докторанттары !

Халықаралық ынтымақтастық департаменті «Rixos» қонақүйінде 28 қыркүйек күні сағ. 14:00-19:00-де "Шетелде білім алу" А2 халықаралық білім көрмесі өтетіндігін хабарлайды. Көрмеде АҚШ және Европа елдерінің алдыңғы қатарлы универистеттері өкілдерімен кездесіп, шетелде білім алу жөнінде кеңес алу мүмкіндігі ұсынылады.  

Іс-шара интерактивті ойын форматында өткізіледі, ұтыс ойынына қатыса аласыз!

Сонымен қатар Сізге ұсынылатын мүмкіндіктер:

  • алдыңғы қатарлы универистеттер өкілдеріне тікелей сауал жолдау;
  • шетелде білім алуға арналған түрлі бағдарламалармен танысу;
  • спикерлердің қызықты мәліметтерін тыңдау.