«Аса жоғары қуат бөлшектер физикасы және астрофизикасының көршілес мәселелері» атты 3-Халықаралық жас ғалымдардың мектебі өткізіледі

23.09.2016

Көрулер: 3567

"Ғарыш сәулелерiнің Еуразиялық биiк таулы ғылыми орталық" консорциумы аясында 2016 жылдың 26 қыркүйегінен 1 қазанға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Аса жоғары қуат бөлшектер физикасы және астрофизикасының көршілес мәселелері» атты 3-Халықаралық жас ғалымдардың мектебі өткізіледі. Жас ғалымдардың әлемде жетекші ғалымдардың лекциясын тыңдауға, мастер-класстар мен арнайы семинарларға қатысуына зор мүмкіндіктері бар.

 Алматыда өтетін 3-ші Халықаралық жас ғалымдар мектебі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың қоры тарапынан қаржыландырылып отыр. Бұл іс-шара Қазақстанның инновациялық экономикасын құруға және әлемдік ғылыми-білім беру бірлестігіне интеграциялануына қажетті жоғарғы дәрежелі мамандар дайындаудағы пайдасын тигізеді.

Өтетін орны мен уақыты: Әл-Фараби кітапханасы,4 қабат, басталуы: 26 қыркүйек, сағат 9:00-де.