Канада Үкіметі конференцияға қатысу үшін конкурс жариялайды

14.06.2016

Көрулер: 3688

Канада  Үкіметі  «Қазақстанда  канадалық  моделдерді  қолдану»  тақырыбында  конференцияға  қатысу  үшін  конкурс  жариялайды

                          Құрметті студенттер мен  оқытушылар!

Қазақстандағы  Канада  елшілігі  және  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  кітапханасының  бірлесуімен,  Қазақстанда  канадалық басқару, экономикалық және  әлеуметтік модельдерінің  салыстырмалы  зерттеулері  бойынша  академиялық  конференция  жұмысының  басталғанын  қуана  хабарлайды.

Барлық  студенттер  мен  оқытушылар  және  тәуелсіз  зерттеушілерді  конкурсқа  қатысуға  төменде  көрсетілген  тақырыптар  бойынша  құжаттар  тапсыруға шақырамыз:

∙ Сыртқы  саясат  және  халықаралық  қауіпсіздік;

∙ Климаттың өзгеруі және энергетика: халықаралық және отандық саясат;

∙ Құлдырау  және  көтермелі  басқарма:  ресурстық  бағдарланған  экономиканың  ақшалай  кредиттік  және  қазыналық  саясаты;

∙ Тұрақты  даму: минералды  және  ауыл  шаруашылығы  ресуртарын пайдалану;

∙ Алуан  түрлі  әлеуметтік  алып  күш  ретінде:  плюрализм  және мультикультурализм.

Басқарма  және  жұмыстың  іріктелу  критерийлері

Барлық  құжаттар  ағылшын  тілінде салыстырмалы  талдауды  қоса  ұсынылуы  тиіс, сондай-ақ  канадалық  моделдің  Қазақстанда  қолданылуы мүмкіндігі  бойынша ұсыныстарын  қамтуы  керек.

Конференцияны  ұйымдастыру комитеті төменде көрсетілген   критерийлер  негізінде  өтініштерді бағалайды:

∙ Ғылыми зерттеулер сапасы;

∙ Идеяның бірегейлігі;

∙ Шығармашылығы  мен  салыстырмалы  талдау  еңбегі;

∙ Ұсыныстардың  саясатпен  байланысы, қатынасы  және  одан әрі оқытылу  өзектілігі  мен  қолданылуы.

Өтініш қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 1 тамызына  дейін

Конференция күні: 1 қыркүйек, 2016 жыл

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы, Астана

 

Бағалы  сыйлықтармен  1, 2 және 3-ші  орын  туралы  және  Конференция  жөніндегі  барлық  сұрақтар  бойынша  қызығушылық  танытушыларға  Халықаралық  Ынтымақтастық  Департаментіне  хабарласып ақпарат алуға  болады.  

(Ректорат ғимараты, 12 қабат, каб.1205, тел. 3 77 34 46,  1166)