Абай ғылыми-зерттеу институтында «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР. ОН ТОМДЫҚ» басылымының тұсаукесер рәсімі өтеді

10.06.2016

Көрулер: 5000

Құрметті зиялы қауым!Қымбатты әріптестер!

 

Абай ғылыми-зерттеу институтында «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР. ОН ТОМДЫҚ» басылымының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Абайтану ғылыми-зерттеу институтының «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» атты ғылыми жобасы аясында жарық көрген бұл құнды кітаптар қазақ руханиятының зор игілігіне айналмақшы. Абайтану ғылымының тарихындағы бүкіл зерттеу еңбектер жүйеленіп, жинақталған бұл онтомдық қазақ әдебиеттануы, абайтануы тарихындағы ірі әдеби оқиға, айтулы белес болып отыр.

Тұсаукесер рәсімі аясында Абай институтының ресми сайты (http://www.abai-inst.kz/), сондай-ақ, институттың ғылыми жобасы аясында жарық көрген басқа да еңбектер жөнінде ақпарат беріледі.

Сіздерді «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР. ОН ТОМДЫҚ» (Алматы: Қазақ университеті, 2015-2016) басылымының тұсаукесер рәсіміне шақырамыз.

Өтетін уақыты: 14 маусым, сағ. 14.00

Өтетін жері: Филология және әлем тілдері факультеті, Абай ғылыми-зерттеу институты, 310 ауд.