Көрнекті публицист Нұртөре Жүсіппен кездесу өтеді

04.05.2016

Көрулер: 3695

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті және М. Сералин атындағы шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Журналистер академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, Журналистер одағының  Б. Бұлқышев атындағы сыйлығының,  БАҚ саласындағы Президенттік сыйлықтың, «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты, «Біз кімнен кембіз?», «Қазақтың қызы», «Елес пен белес» атты публицистикалық жинақтардың авторы, республикалық қоғамдық – саяси «Айқын» газетінің Бас редакторы, белгілі көсемсөзгер Нұртөре Жүсіптің «Мың құмырсқа және біз» кітабының жарық көруіне орай студент-жастармен жүздесуі өтеді. Жүздесу 2016 жылы 6 мамырда сағат 11:00-де Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында басталады.
Ұйымдастырушы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журфак
М. Сералин атындағы шығармашылық бірлестік
Байланыс телефондары : 377-33- 39 ( ішкі 13-51) ;
8701 618 50 91 Мұрат Шаймаран
8702 740 55 90 Бауыржан Әліқожа
8701 985 24 99 Нұргүл Сапарходжаева