"Жаңа Жібек Жолы экономикалық белдеуі " атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

29.04.2016

Көрулер: 5054

Құрметті әріптестер!

 

2016 жылдың 18-21 мамыр аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас Консулдығының қолдауымен "ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІ ": ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.                                      

Қазіргі таңдағы күрделі де құбылмалы халықаралық саяси, экономикалық жағдайда «Ұлы жібек жолын» жаңғыртудың стратегиялық маңызы зор.

Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасы мен ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің алға тартқан «Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы өзара сәйкестік тапты. Жібек жолы экономикалық белдеуі – бұл Жібек жолы бойындағы мемлекеттерді экономикалық дамуға біріктіретін жаһандық бастамалардың бірі болып отыр.

Конференцияның мақсаты - Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің ынтымақтастығын және тұрақты дамуын ілгерлету, «Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және даму болашағын талқылау, халықаралық ғылыми зерттеу нәтижелерімен алмасу, мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады.                                          

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. «Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының сәйкес тұстары;

2. «Бір белдеу - бір жол» бастамасы және Евразиялық Экономикалық Одақ елдерінің ынтымақтастығы;

3. «Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі» бойындағы мемлекеттердің тұрақты дамуы және экономикалық ынтымақтастығы;

4. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің аймақтық тұрақтылығы мен қауіпсіздік мәселелері;

5. «Бір белдеу - бір жол» бойындағы мемлекеттердің мәдениет алмасуының қазіргі жағдайы және болашағы.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс, қытай.

Конференцияға осы тақырыпты зерттеумен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

 

 Конференцияға қатысу үшін 2016 жылдың 30 сәуіріне дейін өтінішті толтырып, 5 мамырға дейін мақалаларыңыз бен баяндамаларыңызды ұйымдастыру комитетіне жинақ шығару үшін жолдауларыңызды сұраймыз. Қатысу үшін өтінімді тек берілген нұсқа түрінде жіберу қажет.  

Материалдар Ainur.Turgenbai@kaznu.kz және altyn-alka@mail.ru электронды поштаға (5-10 бет көлемінде) қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдерінде электронды нұсқада (Word форматында, 14 шрифпен Times New Roman, файлдың атауы мақала авторының тегі бойынша, латын әріптерімен жазылуы керек.doc) қабылданады. Мақала көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс. 

Материалдарды рәсімдеу тәртібі:

  1. Мақаланың атауы жолдың ортасында болуы керек (бас әріп, жартылай жуан, 14 шрифт); 
  2. Орта тұста автордың толық аты-жөні (кіші әріп, жартылай жуан, 12 шрифт); 
  3. Оның астында – жұмыс орныңыз, қала, университет (кіші әріп, 12 шрифт); 
  4. Төменіректе – электрондық мекен-жайы (курсив, 10 шрифт);
  5. Мақаланың түйіндемесі 5-7 сөйлем көлемінде мақала жазылған тілде және қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдерінде (11 шрифт);
  6. Түйін сөздер мақаланың жазылу тілінде және қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдерінде (5 сөзден аспау керек, кіші әріп, курсив, 10 шрифт);
  7. Жол аралығы – 1,0 интервал; барлық жиектері – 2 см. 
  8. - 158 б.;
  9. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме мәтіннің ішінде тік жақшамен беріледі, мысалы [1, 23], мұндағы 1 – дереккөздің атауы, 23 – беті.

Баяндама 2016 жылдың 5 мамырына дейін қабылданады. Конференция материалдарының жинағы басылып шығарылады.

Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа және рәсімдеу талабына сай емес материалдарды қабылдамауға құқылы. Материалдар тек авторлық нұсқада жарияланады, мақала көзқарасына авторлар өздері жауапты.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас Консулдығы және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы».

Өткізілетін орны: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы.

Тіркеу: 19 мамыр 2016 жыл, сағат 9.00.

 

Жауапты хатшылар: Түргенбай Айнұр Абдулғаниқызы (ұялы тел. 8 747 3727583) және Керимбаев Ержан Абдраимович (ұялы тел. 8 707 428 4172) .

Байланыс телефондары: 8(727) 2438928; 8(727) 2 438352

    

 

 

 

 

«Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі» бойындағы мемлекеттердің ынтымақтастығы және тұрақты дамуы» атты халықаралық   ғылыми -практикалық конференцияға қатысушының өтінімі

Тегі ____________________________________________________________

Есімі _____________________________________________________________

Әкесінің есімі _______________________________________________________

Мемлекет _____________________________________________________________

Қала ______________________________________________________________

Мекен-жай______________________________________________________

Телефоны __________________________________________________________

Е-mail (электрондық поштасы)___________________________________________

Жұмыс орны (ЖОО немесе мекеме атауы)      ________________________

Қызметі __________________________________________________________

 Ғылыми атағы ______________________________________________________

Ғылыми дәрежесі _______________________________________________________

Мақаланың тақырыбы _______________________________________________________