Ашық есік күні

28.04.2016

Көрулер: 3671

Хабарландыру!

 

         ҚР Білім және ғылым министрлігі биылғы жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің 9-12 сынып оқушыларына ЖОО-ын жарналамалау және жүйелі тұрғыдан қарастыру мақсатында Кәсіби бағдар беру күнін енгізіп отыр. Осыған байланысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2016 жылдың 29-сәуірінде сағ 14.00 - 16.00 аралығында Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында "Ашық есік күнін" өткізеді.

         "Ашық есік күні" шеңберінде өтетін кездесулер бітіруші түлектерге өздерін қызықтыратын мамандықтар мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білім алу мүмкіндіктері туралы мәлімет алуға септігін тигізеді.