«XXI ғасырдың жаһандық қатерлері» атты пәнаралық III семинар өтеді

28.04.2016

Көрулер: 3230

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!

«XXI ғасырдың жаһандық қатерлері» атты пәнаралық III семинар өтеді.  Абдуллин Р.Ш. «Шешендік өнердің және көшбасшылықтың негіздері "Көрегендік жолы"» тақырыбында баяндама оқиды.

Семинардың мақсаты - бейнелі түрде меңгеру және мәліметті есте сақтау туралы ерекше әдістемені айту, ішкі энергетика арқылы шешендік өнердің негіздерін игеру, жаңа заман көшбасшысының дара имиджін жасау, біздің ішіміздегі және айналамыздағы әлемнің байланысын анықтау. 2017 жылдың жаз мезгілінде өтетін «Еуро - Азия» татулық, махаббат және бірлік маршына қатысушыларды дайындауда қолданылатын әдіспен таныстыру.

Семинар 2016 жылдың 5 мамыры сағат 15.30- дан 17.30- ға дейін өтеді.

Өткізілетін орны: әл-Фараби кітапханасының 4 қабаты.

Ұйымдастырушылар:  ЮНЕСКО кафедрасы.

Келем деушілерге есік ашық!