Жас ақындар жүздесуі өтеді

15.11.2018

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Сіздерді əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін «Ақын жанын түсінер ақын ғана...» атты Республикалық жас ақындар жүздесуіне шақырамыз! Жүздесу онлайн режимде өтеді.

Ары қарай оқу >>

ХХІ ғасырдағы филология ғылымдары: ұлттық код және көркемдік таным

15.11.2018

Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аса көрнекті әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жанғара Дәдебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ғасырдағы филология ғылымдары: ұлттық код және көркемдік таным» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Экономика саласындағы мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру

14.11.2018

Экономика және бизнес жоғары мектебі барлықтарыңызды 2018 жылдың 22 қарашасында сағат 15.00 өтетін «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында экономика саласындағы мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру» («Айналаңды нұрландыр» жобасына сәйкес) тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Физика пәнінен республикалық олимпиада

09.11.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті жылу физикасы және техникалық физика кафедрасында 2018 жылдың 23 қараша күні сағат 10:00 доцент, ұлағатты ұстаз Ж. Өмірбеков атындағы жыл сайынғы физика пәні бойынша республикалық олимпиада және шахматтан турнир өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

ИЫҰ дипломаттарды ҚазҰУ-да жинайды

01.11.2018

2018 жылдың 12-14 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбына арналған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттер дипломаттарының бағдарлық бағдарламасы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тарихындағы батырлардың рөлі

01.11.2018

ҚР Президенті Н. Назабаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді орнындау мақсатында 7 қарашада 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультеті Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктері, Ақ Орда республикалық қозғалысы және Бәйдібек баба қорымен біріге отырып «Қазақ тарихындағы батырлардың рөлі» атты Қарасай батырдың туғанына 420 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Pages