ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS РЕЙТИНГІНДЕ 150-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

 

Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS World University Rankings (QS World University Rankings EECA 2020) рейтингінде ҚазҰУ 16-орынды иеленді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмысқа орналастыру рейтингінде (QS Graduate Employability Rankings) 550 ЖОО-ның ішінен 201-251-орынды алған Орталық Азиядағы алғашқы ЖОО болды.

Британдық "Times Higher Education" агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ 1001-1200 позициясын сақтап қалды, Asia University Rankings рейтингінде 401-500 - орын, THE Emerging Economies rankings-351-400-орын, the Impact Rankings рейтингінде-801-1000 орынды иеленді.

Ең экологиялық университеттердің "UI Green Metric Ranking of World Universities" жаһандық рейтингінде университет 212-ші орынға ие болды. 

 

ҚАЗҰУ QS STARS «5 ЖҰЛДЫЗ» БАСЫМДЫҚ БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.


Британдық QS компаниясы жүргізген аудит университеттерді төрт негізгі топ бойынша бағалайды, оның құрамына 50-ден астам көрсеткіштен тұратын 12 кіші топ кіреді. Бұл университет қызметінің кең ауқымдығын және оның жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдейді. Аудитке қатысатын әрбір кіші топ бойынша ЖОО-на бір жұлдыздан бес жұлдызға дейін баға беріледі, одан кейін жалпы рейтингтік балл шығарылады. Британдық QS компаниясының кешенді бағалау нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірқатар көрсеткіштерге, атап айтқанда – оқу процесі; жұмысқа орналасу мүмкіндігі; зерттеулер; интернационалдандыру; қызмет көрсету; өнер және мәдениет; инновация; заманауи тілдер бойынша өте жоғары балл алып, ең жоғары «Бес жұлдыз» марапатына ие болды.

QS «Бес жұлдыз» белгісін иелену әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-білім беру саласындағы халықаралық қауымдастықтарда беделі бар екендігін және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде көшбасшылық позицияларды көрсетіп отырғанын білдіреді. Басымдылық жұлдыздары университеттің мықты тұстары мен артықшылықтарына назар аудартып, оның серіктестеріне, білім беру саласындағы халықаралық сарапшыларға, шетелдік, сондай-ақ отандық талапкерлерге оқуға түсу үшін ЖОО таңдау кезінде бағдар береді.

QS Stars жүйесі егжей-тегжейлі талдау жүргізу және ауқымы кең деректерді ұсыну арқылы, терең бағалауды қамтамасыз етеді. QS «Бес жұлдыз» марапатын алған ҚазҰУ өзінің білім беру бағдарламалары мен зерттеулерін ілгерілетудің, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тағы бір құралына қол жеткізді.

Айта кету керек, Орталық Азия елдері мен Қазақстанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан басқа QS Stars-тің бес жұлдызын бірде-бір университет алмаған. QS Stars «Бес жұлдыз» марапаты бүкіл әлем бойынша тек 62 ЖОО ғана берілген, олардың ішінде QS WUR халықаралық жаһандық рейтингінің әлемдік үздік топ-5, топ-10 және топ-20 қатарына кіретін Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Чикаго, Принстон, Колумбия университеттері бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымын QS Stars Rating System халықаралық рейтингісінде «5 stars» жоғары марапатын алуымен құттықтаймыз!

Қосымша ақпараттар:

https://www.qs.com/wp-content/uploads/2022/09/QS-Stars-Case-Study_KAZNU_5Stars.pdf

https://www.qs.com/client-successes-and-testimonials/


 

ҚАЗҰУ ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Әлемнің 1200-ден астам университеттерін бес пәндік бағыт бойынша сараптаған «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің көрсеткіштерін жақсартып, позициясын нығайтты. ҚазҰУ өткен жылмен салыстырғанда «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні бойынша өз көрсеткіштерін 277-ден 156-шы орынға, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» пәні бойынша 351-ден 257-ші орынға көтеріп, оң нәтижеге қол жеткізді.


ҚазҰУ «Қазіргі тіл білімі» мамандығы бойынша да үздіктер қатарынан табылып, әлемнің үздік ЖОО арасында 52-ші орынға ие болды. Университет келесі мамандықтар бойынша: «Ағылшын тілі мен әдебиетінен» – 101-150, «Лингвистика» және «Құқықтанудан» – 151-200 үздік топтарына, «Экономика және эконометрикадан» – 251-300 , «Математикадан» – 301-350 және «Физика және астрономиядан» – 501-550 алдыңғы топтарына енді.

Бұл рейтингке бірқатар мамандықтар алғашқы рет қатысып, бірден үздік атанды. Мәселен, «Тарих» мамандығы 151-200, «Бизнес және менеджмент» – 401-450, «Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық жүйелері» – 501-550, «Химия» мамандығы – 551-600 алдыңғы топтарына кірді.

QS World University Ranking by Subject рейтингінің әдістемесі төрт негізгі көрсеткішке негізделген: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалаларға сілтеме және Хирш индексі. Пәндік рейтинг 95 мыңнан астам академиялық сарапшылардың, 45 мыңдай жұмыс беруші сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, сондай-ақ «Scopus» мәліметтер базасынан алынған ақпараттар негізінде жасалды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық пәндік рейтингтерде де жоғарыда көрсетілген оқу бағдарламалары бойынша қазақстандық университеттер арасында жетекші орын алады. ҚазҰУ халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік университеттердің институционалдық рейтингінде де және пәндік рейтингте де табысқа жетіп, үнемі алға жылжып келеді. Сонымен, 2020 жылы QS World University Ranking әлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша жетекші қазақстандық университет (ҚазҰУ) әлемдегі ең үздік университеттер тізімінде 165 орынға ие болды. Бұл топта ТМД елдерінен тек Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана бар.

www.kaznu.kz

 

 

 

 

Қазақстанның жоғары оқу орны алғаш рет әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына енді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндетін абыроймен орындап шықты. Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.  

Жаһандық ең танымал және беделді Quacquarelli Symonds (QS) рейтингтік агенттігі әлемнің жоғары оқу орындары бойынша зерттеудің биылғы жылғы нәтижелерін жариялады. QS аналитикалық есебінде атап өтілгендей, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 42 орынға ілгерілеп, жаһандық рейтингте 165-орынды иеленді және «әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды». Посткеңестік елдерден тек екі университет қана осы топқа еніп отыр – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды. Әлемдік рейтингте қысқа уақыт ішіндегі бұндай бірегей ілгерілеу «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ феномені» деп аталып шетелдік сарапшылар назарын өзіне аудартты. Қазақстандық жоғары оқу орны қарқынды дамуының жарқын үлгісі халықаралық академиялық ортада белсенді түрде талқылануда. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары ҚазҰУ-дың оң тәжірибесін қолданысқа енгізуде.

Әлемдік рейтингте жеткен биік жетістікте университет ректоры, академик Ғалым Мұтановтың басшылығымен ҚазҰУ-дың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша университет ұжымы атқарған қыруар жұмыстар тұр. Кластерлік тұрғыдан кешенді құрылымдық модернизациялау жүзеге асырылып, нәтижеге бағытталған басқару жүйесі енгізілді. Алдыңғы қатарлы шетелдік университеттермен бірлесе қос диплом бағдарламасы және ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда, соның нәтижесінде Қазақстан бойынша ең көп шетелдік студенттер ҚазҰУ-да білім алуда. Тек соңғы жылдың өзінде олардың саны 15 есеге өсті.

«Майкрософт» компаниясы ҚазҰУ цифрлық моделін ең озық тәжірибелердің бірі ретінде таныды. Университетте «ғылыми идеядан бастап оны коммерциализациялауға дейінгі» технологиялық дәліз құрылған. Оны тиімді пайдалану арқасында университетте 5 жыл ішінде ғылыми жобалар көлемі 2,5 есеге артты. Халықаралық рейтингі жоғарғы журналдардағы қазақстандық авторлардың әрбір бесінші жарияланымы – ҚазҰУ ғалымдарының үлесі. Соңғы 5 жылда университет инфрақұрылымның жалпы аумағы 50% пайызға дейін өсті.

БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде ҚазҰУ жаңа буын университетінің «Университет 4.0» моделін жасап енгізді. Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде таныстырылған «Университет 4.0» моделі халықарылық деңгейде кеңінен таратуға ұсынылды. ҚазҰУ әлемнің 12 елінде әл-Фараби орталықтарын ашты.

Қазақ ұлттық университетінің әлемдік білім беру кеңістіктігіндегі көшбасшылық деңгейі басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктерде көрініс табуда. ҚазҰУ әлемдегі үздік 200 экологиялық және ең озық технологиялық университеттердің үздік 50 тобына кіреді. Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы рейтингінде ҚазҰУ «АА+» бағасын иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына енді. Барлық осы жетістіктер арқасында ҚазҰУ түркі және ислам әлеміндегі ең үздік университет ретінде танылды.

QS рейтингісінде Массачусетс технологиялық университеті көш бастайды, екінші және үшінші орында сәйкесінше – Стэндфорд және Гарвард университеттері (барлығы АҚШ-тың жоғары оқу орындары). Ең үздік әлемдік жоғары оқу орындарының ондығын толығымен американдық және британдық жоғары оқу орындары құрайды.

 

ҚазҰУ QS-те алға жылжуда 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша көрсеткіштерін жақсартып позицияларын күшейтті.  

QS «WUR by Subject 2020» рейтингісінде бес пән бойынша әлемнің 1200-ден астам университеті қарастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда ҚазҰУ «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» мамандығы бойынша өз көрсеткіштерін жақсартып, 339 орыннан 277-ге көтеріліп, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» мамандығы бойынша 351 орынға ие болды.

«Заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша университет әлемнің ең үздік 51-100 жоғары оқу орындарының тобына, «Лингвистика» бойынша 201-250, «Ағылшын тілі мен әдебиеті» және «Құқықтану» бойынша 251-300 тобына кірді. Сонымен қатар аталмыш рейтингке алғаш рет «Математика» (топ 351-400), «Экономика және эконометрика» (451-500), «Физика және астрономия» (551-600) мамандықтары енді.

Рейтинг әдіснамасы төрт негізгі көрсеткіштер: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалалардың дәйексөзділігі және Хирш индексі негізінде құрылады. QS «WUR by Subject 2020» 95 мыңнан астам оқытушының, 45 мың жұмыс берушінің пікірін, сондай-ақ «Scopus» деректер қорынан алынған мәліметтерді ескере отырып жасалды.

ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік рейтингтерде табысты алға жылжып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2019 жылы QS жаһандық рейтингісінің нәтижесі бойынша жетекші қазақстандық университет әлемнің үздік ЖОО тізімінде 207 орынға ие болды.  ТМД елдерінен бұл топқа тек Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік 210 университетінің қатарына енді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-ларынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде ең үздік университеттер арасында 210 орынға ие болды. Алға 13 қадам жылжып, 207 орынды бағындырды. Бұл топқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) енді.

QS әлемдегі үздік білім ордаларына көп жылдан бері ғаламдық рейтинг жүргізіп келе жатқан беделді әрі ықпалды, барлық елде мойындалған халықаралық агенттік. Рейтингіде алғашқы үш орынды АҚШ университеттері: Массачусетс технологиялық институты, Стэнфорд және Гарвард университеттері иеленген.  

ҚазҰУ еліміздің жетекші университеті ретінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбев алға қойған әлемнің ең үздік 200 университетінің санатына ену бойынша маңызды мемлекеттік міндетті жүзеге асыру үшін мақсатты түрде жұмыс істеуде. Соңғы бес жылда университет «QS WUR» рейтингінде 400 сатыдан астам белеске көтерілді. Әлемдік тәжірибеде бірде-бір ЖОО мұндай өсу қарқынына кол жеткізген емес! QS сарапшыларының ұсынысы бойынша ҚазҰУ тәжірибесі әлемдегі жетекші университеттерде зерттелуде. Мұндай көрсеткіш білім беру мен ғылымның әлемдік нарығындағы университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің дәлелді айғағы.

Айта кету керек, «QS WUR by Subject» пәндік рейтингінің нәтижесінде ҚазҰУ ТМД елдері жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып әлемдегі ең үздік 51-100 топқа енген. Жалпы аталмыш рейтингіге жетекші қазақстандық университеттің алты мамандығы кірді. 

Ғаламдық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі ҚазҰУ рөлінің артуын ескере отырып QS Қазақстанда халықаралық форум өткізуді шешті. Университеттің ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл жоғары білім беру жүйесінің әлемдік биік беделінің көрсеткіші болып табылатын «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты әлемдік деңгейдегі шара 2019 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде өтеді.

ҚазҰУ өзге де беделді халықаралық рейтингілерде қарқынды серпіліспен алға жылжуда. «Times Higher Education» Британдық агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ Орталық Азияда алғаш болып әлемдегі ең үздік ЖОО-лар тобына кірді. «UI Green Metric Ranking of World Universities» жаһандық рейтингінде ҚазҰУ 172 орын алды, Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы еуропалық рейтингінде ҚазҰУ «АА» бағасына иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының тобына енді. Танымал халықаралық «Great Value Colleges» (АҚШ) ұйымының зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған университетінің ішінде 31-ші орынды бағындырды.

Ауқымды құрылымдық модернизациялау, нәтижелерге негізделген менеджменттің жоғары тиімділігі және соңғы бес жылда 50%-ға дейін өскен бірегей инфрақұрылымдардың қарқынды дамуы ҚазҰУ-дың рейтингілердегі алға жылжуының маңызды факторы болды.

Университеттің әлемдік танылуы халықаралық әріптестік аясының кеңеюі және интернационализацияның дамуымен, сонымен қатар ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты даму жөніндегі ғаламдық хабы ретіндегі белсенді қызметімен байланысты.

ҚазҰУ оқытушылары Ұлттық рейтингте көшбасшы

ҚР жоғары оқу орындарының сұранысқа ие ұлттық рейтингіне енген 135 оқытушының жартысынан астамын ҚазҰУ қызметкерлері құрады.

 Оның ішінде физика-техникалық факультетінен – 34 оқытушы, химия және химиялық технологиядан – 19, биология және биотехнология – 8, механика-математика – 6, философия және саясаттану – 1, экономика және бизнес жоғары мектебінен 1 оқытушы бар.

Сарапшылар ағымдағы жылы рейтингті өткізу кезінде Webometrics жеке элементтері енгізілген ЖОО-ды саралаудың сандық бағдарламасының әдіснамасы жақсартылды деп атап өтті. Бұл объективті және анық баға беруге мүмкіндік берді.

2019 жылғы Ұлттық рейтингке еліміздің 59 жоғары оқу орны қатысты. Жыл сайын Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (НААР/IAAR) өткізетін зерттеулер түлектердің дайындық сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ЖОО-ның білім беру кеңістігінің халықаралық деңгейіне одан әрі шығуына ықпал етеді.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Academic Ranking of World Universities-European Standard» («ARES») атты беделді еуропалық рейтингісі бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында көшбасшы болды.

 

 

КАЗНУ УКРЕПЛЯЕТ ПОЗИЦИИ В WEBOMETRICS

07.02.2019

По итогам исследования международного рейтингового агентства «Webometrics», подведенного в январе 2019 года, КазНУ им. аль-Фараби занял 2503 место среди 28 тыс. вузов мира.

КазНУ показал положительную динамику продвижения в рейтинге и закрепился на второй позиции среди университетов Казахстана. Так, индикатор «Оpenness» («Открытость») вырос на 164 пункта, по таким как «Рresence» («Присутствие») и «Impact» («Влияние») университет опережает другие казахстанские вузы.

https://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/15594/

 

ҚАЗҰУ ӘЛЕМДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҮЗДІК 200 ЖОО ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Ғаламдық «UI Green Metric Ranking of World Universities» рейтингінің зерттеу мәліметтері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік 200 экологиялық университеттері қатарында өз позициясын нығайтты. Өткен жылмен салыстырғанда қазақстандық жоғары оқу орны аталмыш беделді рейтингте 78 елдің 700 жоғары оқу орны арасында 14 пункт бойынша 172 орынға көтерілді.

ҚАЗҰУ THE ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІСІНДЕ ДАМУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ҮЗДІК ЖОО ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Times Higher Education» (THE) беделді әлемдік рейтингісінде дамушы елдердің 201-250 үздік жоғары оқу орындарының тобына енді.

Нарықтық экономикасы дамып келе жатқан елдер университеттерінің 2019 жылғы рейтингісін құру барысында келесі көрсеткіштер ескерілді: университеттердің ғылыми-білім беру қызметінің тиімділігі; оқытушылар құрамының және жүргізілетін зерттеулердің деңгейі; ғылыми мақалаларды жариялау және дәйексөз келтіру; халықаралық ынтымақтастық және басқалар.  

ТHE рейтингісіне әлемнің 43 елінен 442 университет ұсынылған. Бірінші ондықтың алғашқы төрт орнын Қытай Халық Республикасының жеті университеті еншіледі. Бірінші орынға – Цинхуа университеті, екінші орынға – Пекин университеті, бесінші орынға М. Ломоносов атындағы ММУ жайғасып, оныншы орынға Тайвань ұлттық университеті енді.

https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/15396/

ҚАЗҰУ ЖЕТЕКШІ ЕУРОПАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР ҚАТАРЫНДА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Academic Ranking of World Universities-European Standard» («ARES») атты беделді еуропалық рейтингісі бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында көшбасшы болды. Ол өзінің «АА» көрсеткіштері бойынша еуропалық жетекші университеттердің қатарына кіріп, «А+» және одан төмен бағаларға ие болған басқа қазақстандық ЖОО-дың анағұрлым алдында тұр.

Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы жүргізетін жоғары оқу орындарының рейтингісінде келесі көрсеткіштер ескеріледі: жоғары сапалы білім беру; зерттеу және инновациялық қызмет, жұмыс берушілердің түлектерге сұранысы және т.б. Университеттердің студенттерді кәсіби білім мен біліктілікпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысумен, сондай-ақ болашақ жұмыс берушілермен байланыс орнатумен қамтамасыз етуге қабілеттілігіне ерекше назар аударылады.

https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/15172/

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД университеттері арасында екінші орында тұр. Халықаралық QS рейтингісі бойынша әлемдегі үздік 230-топ университет қатарына еніп 220 орынды иемденді. Қазақстан ЖОО арасындағы ең үздік университет болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Times Higher Education» (THE) беделді әлемдік рейтингінің зерттеу нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны ретінде Азия елдерінің 251-300 үздік университеттерінің қатарына енді.

Университеттер рейтингісін құру барысында келесі көрсеткіштер ескерілді: университеттердің ғылыми-білім беру қызметінің тиімділігі; оқытушылар құрамының және жүргізілетін зерттеулердің деңгейі; ғылыми мақалаларды жариялау және дәйексөз келтіру; халықаралық ынтымақтастық және басқалар.  

THE рейтингісінде Азияның 27 елінен 417 университет ұсынылған. Бірінші ондыққа Қытайдың бес университеті, Сингапур мен Оңтүстік Кореяның екі университеті мен Жапонияның бір ЖОО кірді. Бірінші орынды Цинхуа университеті, екінші орынды Сингапур ұлттық университеті, үшінші орынды Гонконг ғылым және технологиялар университеті иеленсе, рейтингте ең көп орынды Жапонияның 103 ЖОО-лары иеленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 251 орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды.

Рейтинг жұмыс берушілердің студенттермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы, жұмыс берушілер арасында беделі, түлектердің кәсіби жетістіктері, жұмыс берушілермен серіктестік сынды бағалау критерийлері негізінде құрастырылды. Бұл жоғары нәтиже ҚазҰУ-дың жұмыс берушілермен тығыз байланысы бар екенін және көптеген ЖОО түлектерінің елдің үздік компанияларында және одан тыс жерлерде табысты жұмыс атқаратынын растайды.

2017/2018 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша Стэнфорд университеті, Калифорния университеті, Гарвард университеті, Сидней университеті және Массачусетс технологиялық университеттері көшбасшы орынды иеленді.

 

 

 

Алғаш рет Қазақстандық университет - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға алға шықты. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ). 

Елбасы Қазақстанның жоғары оқу орындарына әлемдегі ең үздік 200 ЖОО қатарына кіру міндетін қойып отыр. ҚазҰУ әлемдік кеңістікте мойындалған еліміздің жетекші университеті ретінде осы маңызды мемлекеттік тапсырманы іске асыруда мақсатты жұмыс атқаруда. Соңғы бес жылда университет «QS WUR» рейтингісінде 400-ден астам позицияға көтерілді. Әлемдік тәжірибеде бірде-бір университет осындай өсу динамикасына қол жеткізбеген! 

QS әлемдегі барша мемлекеттермен танылған беделді және көптеген жылдар бойы әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингісін жүргізіп келе жатқан ықпалды халықаралық агенттіктердің бірі екендігі мәлім. 

ҚазҰУ-дың осы рейтингіде табысты ілгерілеуінің маңызды факторы кең аудымқы құрылымдық модернизация, нәтижеге бағытталған басқарудың жоғары тиімділігі, сондай-ақ соңғы бес жыл ішінде 40 пайызға өскен бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы болып табылады. Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағытын сақтай отырып, ҚазҰУ медицина-биологиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасауда, оның негізін жаңа суперкомпьютер құрайтын болады. 

Университеттің әлемдік деңгейде танылуы сонымен бірге ҚазҰУ-дың тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Ғаламдық хабы ретінде белсенді қызметімен және оның халықаралық жобаларымен де байланысты. Олардың ішінде ҚазҰУ ұсынған инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік платформалардың симбиозына негізделген «Университет 4.0» жаңа буын университетінің моделі бар.

Бүгінде ҚазҰУ-дың таңғаларлық тәжірибесін әлемнің жетекші университеттері зерттеу үстінде, бұл университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады. Жетекші қазақстандық жоғары оқу орнының әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіндегі артып келе жатқан рөлін ескере отырып, «QS Worldwide» Атқару кеңесі 2019 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде бүкіләлемдік форум және жоғары оқу орындарының халықаралық көрмесін өткізу туралы шешім қабылдады. Осындай ауқымды іс-шараны өткізу Қазақстанның өсіп келе жатқан беделін айғақтайды және елдің жоғары білім беру жүйесін әлемде алға жылжытуға ықпал ететін болады.

 

 

 

 

ҚазҰУ үшінші рет БҰҰ-ның Әлемдік хаб бағдарламасын жүргізеді  

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ де 2020 жылға дейін БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі ғаламдық хабын жүргізү мәртебесіне арналған баспасөз мәслихаты өткізілді. БҰҰ-ның әлемдік коммуникация жөніндегі бас хатшысы Алисон Смайлдың қолы қойылған сертификатын таныстыру рәсімінде, БҰҰ-ның Алматыдағы қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы Властимил Самек, ҚазҰУ лайықты білім көшбасшысы екенін, сонымен қатар ғылым және әлемдегі мыңдаған университеттер арасында БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша әлемдік хабының өкілеттігін жүргізү үлкен мәртебе болып табылады. 2011 жылы Әл-Фараби Орталық Азия университетерінің арасында «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылды. ҚазҰУ жас зерттеушілерді «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» бағдарламасы арқылы ғылыми және білім беру орталықтарына жібереді. Қазіргі таңда Қазақстанның 25 жоғары оқу орындары БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылған. Альянс академиялық қоғамдастықтың 17 зияткерлік әлеуетін және тұрақты даму БҰҰ-ның әлемдік денгейдегі мәселелерді шешу және энергияны біріктіру мақсаттарының жүзеге асыру бағытында студенттердің бастамасына қолдау көрсету үшін құрылды. ЮНАЙ Хаб тұрақты даму, ҚазҰУ сенім сертификат табысталуы рәсімі, ҚазҰУ жаңа мақсаттар мен міндеттері, тұрақты даму саласындағы жетекші рөлін маңызды көрсеткіші болып табылады, сонымен қатар қауіпсіз және жарқын болашақ игілігі үшін білім және ғылыми интеграциялық үдістерінің қуатты серпініне айналады.

 

 

 

 

ҚазҰУ әлеуметтік жауапты университет деп танылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Университеттердің әлеуметтік жауапкершілік желісі» (USRN) беделді ұйымының мүшесі атанды. Халықаралық ұйым Манчестер және Кембридж университеттері (Ұлыбритания), Пекин университеті (ҚХР), Гонконг политехникалық университеті, Вашингтон университеті (АҚШ), Сан-Паулу университеті (Бразилия) сынды танымал ЖОО-ларды біріктіреді.

Әлемде корпорациялар мен бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға дәстүрлі түрде үлкен көңіл бөлінеді. Әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда ЖОО-лардың да атқарар рөлі зор. Университеттер білім беру қызметі және ғылыми зерттемелер түрінде қоғамдық игіліктерді құрып қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлық ережесінің қайнар көзі болып табылады. Заманауи жоғары оқу орнының міндеті білікті мамандар даярлаумен шектелмейді, бүгінде ол қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікпен толығуы тиіс.

Бұл парадигма жетекші университеттерді адамзаттың аса өзекті және қауырт мәселелерін шешудегі ЖОО-лардың әлеуметтік рөлін нығайту үшін бірігіп, консорциум құруға итермеледі. USRN қызметі заманауи өркениеттің болашағы үшін ЖОО-лардың әлеуметтік жауапкершілігін орындауда мүше-университеттердің тиімді өзара әрекеттесу тұғырнамасын құруға бағытталған.

Сан-Паулу университетінде өткен USRN арнайы конференциясында айтулы ұйым мүшелері қазақстандық жетекші университетті қатарға қабылдау туралы шешімді бір ауыздан қабылдады.

Конференцияда ҚазҰУ-дың БҰҰ тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабы ретіндегі тәжірибесі кеңінен таныстырылды. ҚазҰУ ұсынған жоғары оқу орындары дамуының жаңа тұғырнамасы – 4.0 университет үлгісі ұйым мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл моделді жүзеге асыруда қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басты бағдар болып табылады. Ол төрт құрамдас бөліктен тұрады: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілік.

Бүгінгі күні 4.0 университет үлгісі негізін инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік тұғырнама үндестігі құрайтын «Al-Farabi University smart city» жобасында іс жүзінде жүзеге асуда.

 

 

 

 

ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars - «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болды.

QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін Қазақстанда алғаш болып иеленген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш университет болды.

0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS рейтингісі жоғары оқу орындарының кең ауқымды қызметін белгілейтін және университеттердің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтайтын 50-ден астам көрсеткіштерді кешенді талдау нәтижесінде анықталады.

ҚазҰУ-ға QS «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісінің тағайындалуы университеттің жоғары халықаралық беделі мен жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде көшбасшылық орынға ие екендігінің дәлелі. Артықшылық жұлдыздары университеттің мықты тұстарын көрсетеді және серіктестер мен оқуға түсем деушілерге жоғары оқу орнын таңдауға жәрдемдеседі.

Осылайша, ҚазҰУ бірқатар көрсеткіштер бойынша «5 жұлдыз» иеленді, атап айтқанда, білім беру қызметтерін көрсету, интернационизациялану деңгейі, инфрақұрылым және инклюзивті білім беру жүйесін дамыту.

ТМД елдерінде QS-тың төрт жұлдызы тек бес университетке берілгендігін атап өту қажет, олар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ресейдің төрт университеті.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан жоғары оқу орындары арасында гуманитарлық ғылымдар бойынша QS пәндік рейтингінің 150-тобына енген жалғыз университет.

QS «WUR by Subject» рейтингінің қорытындысында ҚазҰУ алғаш болып «заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша әлемнің үздік ЖОО-ларының 101-150 тобына енді. Бұл – ҚазҰУ-да әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу негізінде жүргізіліп жатқан үлкен жүйелі жұмыстың нәтижесі.

2018 жылы QS пәндік және салалық рейтингінде әлемнің 1130 жоғары оқу орны 48 мамандық және «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Өмір және медицина туралы ғылым», «Техникалық ғылымдар мен инженерлік іс» сияқты бес пәндік салада тексерілді.

Тексеру әдістемесі: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, бір мақала бойынша келтірілген дәйексөздер саны және h-индекс сияқты төрт индикатор негізінде құрылған. Өткен жылы QS ғаламдық рейтингінің қорытындысында ҚазҰУ әлемнің үздік ЖОО-лары қатарында 236 белесті бағындырған. Бұл топқа ТМД елдерінен тек екі университет –Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енген.

 

 

 

 

 

ҚазҰУ-дың 41 мамандығы сапа сараптамасы мен экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта білім беру бағдарламалары бойынша аккредитаудан  өтті.

Жетекші FIBAA еуропалық аккредитау агенттігі экономика және бизнес Жоғары мектебі мен заң, география және табиғатты пайдалану, халықаралық қатынастар, философия және политология факультеттерінің білім беру бағдарламаларының сапасын үздік деп танып, жоғары бағалады.

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы да растап QS рейтингісінде Дамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің (EECA - Emerging Europe & Central Asia)  10 үздік ЖОО қатарына енді.

ҚазҰУ-дың QS рейтингісінде табысты түрде алға жоғарылауына кешенді құрылымдық модернизация және енгізілген жүйелі өзгерістер ықпал етті. Атап айтқанда нәтижеге бағдарланған басқару жүйесі, процестерді басқару және жетістіктерді рейтингпен бағалау енгізіліп, халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандыру белсенді дамуда және инфрақұрылым жетілдірілуде.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД университеттері арасында екінші орында тұр. Халықаралық QS рейтингісі бойынша әлемдегі үздік 250-топ университет қатарына еніп 236 орынды иемденді. Қазақстан ЖОО арасындағы ең үздік университет болып саналады.

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД университеттері арасында екінші орында тұр. Халықаралық QS рейтингісі бойынша әлемдегі үздік 250-топ университет қатарына еніп 236 орынды иемденді. Қазақстан ЖОО арасындағы ең үздік университет болып саналады.

 

 

 

 

ҚазҰУ қазақстандық университеттердің үздік сайты рейтингінде алдыда. Университет позициясы 2016 жылы Webometrics рейтингінде Қазақстан бойынша 1-орын алды. (Әлемде 2001 орында)

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ беделді ThomsonReuters агенттігінің «2011 жылғы ғылым төңірегіндегі жетістіктері үшін» арнайы дипломымен марапатталған Қазақстан Республикасындағы бірінші жоғарғы оқу орын.

 

 

 

 

 

Атақты халықаралық «GreatValueColleges» ұйымының қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлем бойынша 50 технологиялық дамыған университеттер қатарына кіріп, рейтингте 31 орын иемденді. ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа, сонымен бiрге Сингапур, Жапония, бүкіл Азия континенті арасында қазақстандық ЖОО жалғыз өкіл екендігін айта кеткеніміз жөн.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да UNITWIN бағдарламасына сәйкес, ЮНЕСКО кеңесімен даму бойынша Орта азиялық тұрақты даму бойынша аймақтық ЮНЕСКО хабы құрылды. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ашылды.

Болон үдерісінің негiзгi қағидаларына бейiмделуге толық рұқсат беретін және еуропалық ЖОО академиялық саясатының стандарттарына сай ЕС - TEMPUS, ERASMUSMUNDUS бағдарламасы бойынша Университет Қазақстан Республикасында көшбасшы болып келеді. Бұл ТЕМПУС-тың 9 жобасы, ЭразмусМундус-тың 7 жобасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 жобаға координатор.


Университет халықаралық серіктестікте көптеген ірі халықаралық ғылыми-білім беру жобаларын қолға алып отыр, мысалы өзінің диалогтік алаңы бар «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» жобасы www.greenbridgework.kaznu.kz

2014 жылдың қаңтар айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жаhандық хаб United Nations Academic Impact (БҰҰ академиялық ықпал) тұрақты даму бойынша басқару сеніп тапсырылды.

UNIFORM Project Халықаралық консорциум негізінде Токио университетімен бірігіп Қазақстан тарихында бірінші рет сирек кездесетін жоба отандық Наноспутникті әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әзірлеме басқа да жобалар сияқты Экспо-2017 көрмесінде таныстырылмақ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясында «Алатау» ИТП-ның үшінші кезеңі әзірленбек. Бұл ғылыми-білім беру және инновациялық кластердің құрылуы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі «даму нүктесі» болып табылады.