CANRDB туралы

Ссылка на главный сайт CANRDB

2013-жылы Қазақстанда Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) басқарылатын, ядролық деректер базасының халықаралық жүйесіне енгізілген, Орталық Азия аймағында алғаш болып CA-NRDB (Central Asian Nuclear Reaction Data Base) ядролық реакциялар бойынша Деректер базасы құрылды.

Атомдық реакторлар жұмысының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру, атомдық индустрияны алдағы уақытта дамыту, ғылыми-техникалық инновациямен байланысты ядролық энергетикада зерттеу жұмыстарын жүргізу – ядролық процестер физикасының көкейкесті тапсырмаларының бірі. Осы мақсатта, халықаралық жүйе аясында МАГАТЭ және Атомдық Энергия бойынша халықаралық агенттіктердің жанындағы ақпараттық ғылыми-техникалық қамсыздандырумен қатар, қазақстандық ядролық деректер базасы да қызмет етеді.

Қазақстан үшін ядролық реакциялар бойынша деректер базасын қалыптастыру және олардың жас ғалымдар мен мамандар үшін қол жетімді болуы стратегиялық және ұзақ мерзімді тапсырма болып табылады.

Бүгінде СА-NRD МАГАТЭ жетекшілік ететін және АҚШ, Жапония, Ресей сияқты дамыған елдердің 15 ұлттық деректер базасынан тұратын Әлемдік деректер базасы жүйесіне енгізілген. Деректер базасы – бұл ядролық реакциялар және ядроның әртүрлі қасиеттері мен сипаттамаларына негізделген мақалалардан, кестелерден, анықтамалар мен оқулық материалдарынан тұратын электронды кітапхана. Қазақстанда ядролық деректер базасының құрылуы МАГАТЭ-ден және жоғарыда аталған елдердің ұлттық ядролық деректер базасы, атап айтқанда, Хоккайдоуниверситетінің деректер базасынан (Жапония), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің ядролық деректер базасынан қолдау алды.

Ғылыми кеңесшілер:

  • Такибаев Нұрғали Жабағаұлы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Физика-техникалық факультет,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Киоши Като, Хоккайдо Университетінің құрметті профессоры, Жапония
  • Наохико Оцука, PhD, МАГАТЭ-нің бас маманы, Австрия
  • Владимир Варламов, профессор, ф.-м.ғ.д., ММУ, Ресей
  • Массаюки Айкава, PhD,Хоккайдо Университетінің ядролық реакциялар бойынша Деректер базасының жетекшісі, Жапония
  • Рахим Ярмухаммедов, профессор, ф.-м.ғ.д.,ӨзҒА ЯФИ, ­Өзбекстан

2013-2015 ж.ж ҚР БҒМ жоба жетекшісі: ИТТ-8 «МАГАТЭ ядролық деректер базасының халықаралық желісі аясында ядролық реакциялар бойынша компьютерлік деректер базасын жасау және қалыптастыру»

  • Курмангалиева Венера Оразханқызы, ф-м.ғ.к., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жобаны орындаушы топ:

  • Кенжебаев Нұрзат, Физика-техникалық факультет,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Бакабаев Мейрамбек,Физика-техникалық факультет,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Жүнісбек Айғазы,Физика-техникалық факультет,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Ниязов Қайыржан,Физика-техникалық факультет,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Нүсіпәлиева Меруерт,Физика-техникалық факультет,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Насирова Диана, Абай атындағы ҚазҰПУ
  • Такибаева Меруерт,Физика-техникалық факультет,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Абдыкадыров Бауыржан,Физика-техникалық факультет,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Қарсыбаев Бексұлтан,Физика-техникалық факультет,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ