Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары


МӘМБЕТОВА МӘНШҮК ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29)
mmanshuk@mail.ru

Мәмбетова Мәншүк Құдайбергенқызы 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бакалавр академиялық дәрежесі және «филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік дипломмен, 2001 жылы осы факультеттің күндізгі магистратура бөлімін «Тіл теориясы» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 2002-2004 жылдары жалпы тіл білімі кафедрасының күндізгі бөлім аспирантурасында оқыды.

2005 жылдың желтоқсан айында «10.02.19 – тіл теориясы» мамандығы бойынша филол.ғ.д., профессор Э.Д. Сүлейменованың жетекшілігімен «Ресми-іскери клише тұлғалардың семантикасы мен қызметі» атты кандидаттық диссертация қорғады.

Әртүрлі ғылыми басылымдар мен ғылыми конференциялар материалдарының жинақтарында 50-ден аса ғылыми мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ «Ресми-іскери клише тұлғалар» атты 3 монография, «Тіл біліміне кіріспе», «Тілдік қатынас негіздері», «Құжаттық лингвистика» пәндері бойынша 3 оқу-әдістемелік құрал шығарды.

М.Қ. Мәмбетова Тілдік қатынас негіздері, Жалпы тіл білімі, Компьютерлік лингвистика, Тіл біліміне кіріспе, Лингвистика ілімінің тарихы, Контрастивтік лингвистика, Қолданбалы лингвистика, Екінші тілді меңгеру теориясы, Лингвокриминалистика секілді курстардан дәріс оқиды.