Кафедра меңгерушісі


МӘДИЕВА ГҮЛМИРА БАЯНЖАНҚЫЗЫ

филология ғылымдарының докторы, профессор

8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29)
gmadi@mail.ru


2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедраны филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Б. Мадиева басқарып келеді.

1996 жылдан бастап жалпы тіл білімі кафедрасында жұмыс істейді; 1997-2000 жж. – факультеттің кәсіподақ бюросының төрағасы; 2000-2002 жж. – Д 14А.01.22 диссертациялық кеңесінің ғалым хатшысы; «Өрлеу» журналының редакция алқасының мүшесі (2000-2002); «КАЗПРЯЛ» қоғамдық бірлестігінің хатшысы; «КАЗПРЯЛ бюллетенінің» жауапты редакторы. Профессор Г.Б. Мадиева 1 филология ғылымдарының докторын, жеті филология ғылымдарының кандидатын, екі PhD докторын дайындады.Айналысатын ғылыми салаларына теориялық және қолданбалы ономастика, қостілдік лексикография және жалпы тіл білімі мәселелері кіреді. Г.Б. Мадиева 100-ден аса ғылыми еңбек жариялады, атап айтқанда, "Теория и практика ономастики" (2003); «Имя собственное в контексте познания» (2004, 2011), «Теоретические основы ономастики» (2010), «Топонимическое пространство Восточного Казахстана» / Бірлескен авторлар: О. Сапашев, Б. Бияров және т.б. (2008) монографияларының авторы.

Г.Б. Мадиева – "The Lexicographical Description of Loanwords in Kazakh" INTAS-96-0073 халықаралық жобасына қатысушылардың бірі, "Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі" (Алматы, 1998) және жалпы білім беретін мектептердегі 7-8 сыныпқа арналған «Русский язык» оқу-әдістемелік кешендері авторларының бірі (2000; 2003, 2007, 2008).