Ашық сабақтар

«Мен бақытты шәкіртпін!» атты ашық кураторлық сағат

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Г.Н. Искакованың ұйымдастыруымен 2014 жылдың 7 наурызында «Мен бақытты шәкіртпін!» атты ашық кураторлық сағат өтті. Бұл ашық сағат «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс 204 тобының студенттерінің қатысуымен өтті. Сабақтың мақсаты студенттердің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80 жылдық мерейтойына орай Білім ошағының тарихы мен дәстүрлері, жетістіктері мен жемістері туралы ақпарат беріп, пікір алмасып, отансүйгіштік қасиеттерін бойына сіңіру болып табылады.



«Студенттік тағам» атты байқау

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары П.Т. Медетбекова мен Г.Ә. Бөрібаеваның ұйымдастыруымен №17 студенттер үйінде 14 наурызда сағат 13.00-де Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері арасында «Студенттік тағам» атты байқау өтті. Байқау шарты бойынша, студенттерге пайдалы әрі өздері жасауға ыңғайлы, арзан азық-түліктерді қамтитын «Студенттік тағам» атына лайық тағам жасау керек болатын. Байқауға 4 топ, соның ішінде 3 және 2 курс студенттері қатысты.

Төрт топтың да жасап келген тағамдары дәмі жағынан да жасалыну тәсілдері мен құнарлығы, пайдалылығы жағынан бір-бірінен асып тұрды. Студент тамақтанатын ыстық тағамнан бастап, салат, тәтті тағам, сусынға дейін әзірленіп әкелінді. Ерекше атап өтетіні, қатысушылар байқаудың шарттарын орындай отырып, аз ғана азық-түлік түрінен бірнеше дәмді тағамдар әзірлеген. Байқауда төрелік еткендер: Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытуышысы П.Т. Медетбекова, оқытушы Г.Ә. Бөрібаева, «Лингвистика» мамандығының І курс магистранты А. Арсланбаев, 4 және 1 курс студенттері. Байқау соңында қазылар алқасы әділ шешімін беріп, жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттады.

"Блогерлер сайысы" атты тақырыптағы ашық кураторлық-эдвайзерлік сағат

Ақпанның 27-i жұлдызында №17 студенттер үйiнде Жалпы тiл бiлiмi және шетел филологиясы кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамының студенттермен кездесуi өттi. Кездесуге кафедра меңгерушiсi ф.ғ.д., профессор Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы, ТОББ экономика және техника университетi Түрiк тiлi және әдебиетi кафедрасының меңгерушiсi Эйюп Баджанлы бей, кафедра меңгерушiсiнiң орынбасарлары Мәмбетова М.Қ., Искакова Г.Н. және барлық кафедра оқытушылары келдi. Кездесу барысы тек ашық есiк күнi ретiнде ғана емес, студенттермен сұхбат, көңiлдi кеш түрiнде өттi. ҚТӘ 3 курс 1-топ студенттерi мен эдвайзерi Г.Ә. Бөрiбаеваның ұйымдастыруымен «Блогерлер кеңесi» атты тақырыпта студенттер өзара сайысты. Сайысқа «Алтын қолды шеберлер» тобы, «Ғажайып» және «Креатив» топтары қатысты. Әр топ өз қолдарымен жасаған туындыларын көпшiлiкке таныстырды. Сайыс шарты бойынша керек болмай қалған заттардан тұрмысқа қажет заттарды жасап шығару, мастер-класс өткiзу болатын. Осы шарттарды айнытпай орындап, ұтымды, тапқыр идеяларды алға тартып, өте қызықты заттарды жасап шығарған «Алтын қолды шеберлер» тобы 1-орынға ие болды, екiншi орынды - «Ғажайып» тобы, үшiншi орынды - «Креатив» тобы иемдендi.

Кеш соңында қазақтың қасиеттi домбырасы ойнап, көңiл көтеретiн әндер шырқалды. Бiздiң студенттердiң шеберлiгi мен ой ұшқырлығына және өнерiне тәнтi болған Түркиядан келген қонағымыз өз әсерiмен бөлiсiп, студенттермен әңгiме құрды.

Жалпы тiл бiлiмi және шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы Бөрiбаева Г.Ә.

«Мен жастарға сенемін!» атты кураторлық ашық сабақ.

Қараша айының 20-жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Қазақ филологиясы мамандығының 2 курс студенттерінің «ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасын насихаттау мақсатында «Мен жастарға сенемін!» атты поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас тұлғаның бірі – Мағжан Жұмабаевқа арналған ашық кураторлық сағаты өтті. Сабағымыздың тақырыбы жыр алыбы Мағжан Жұмабаевқа арналуының тағы бір себебі ақынның120 жылдық мерейтойына орай өткізілген болатын. Ақынның ұлтжандылықты ұлықтайтын, отансүйгіштік сезімді асқақтататын сыршыл да өршіл жырлары студенттердің бойына асқақ рух, ұлтын суюге баулу, жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде, елдік мұратқа жетелеуде орны ерекше екеніне тағы да бір көз жеткіздік десе де болады. Сабақ барысында студенттер ақынның қиын да күрделі өмір жолдарынан деректер келтіріп, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуы әр студенттің жүрегіне жол тартты. Сөз соңында айтарымыз, күллі түркі халықтарының мақтанышына айналған, көзі тірісінде-ақ мәңгілік сөнбес Шолпан жұлдыздай жарқырап шыққан Мағжан ақын жырлары уақыт өткен сайын жаңа қырынан танылып, жас оқырманын тауып отырары сөзсіз. Ал, ҚазҰУ студентінің ақын шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерінің артуы бұл ашық сабақпен шектелмесі анық.

Ж.Ж. Күзембекова

куратор-эдвайзер,

жалпы тіл білімі және шетел филологиясы

кафедрасының аға оқытушысы

11.12.13 ж.

Желтоқсан айының 11-жұлдызында сағат 8-30-да 312-аудиторияда "Тамақтану режимін сақтайсыз ба?" атты ашық кураторлық сабақ өтті. Ашық сабақты ҚТӘ 3 курс 1-топ студенттері теле-шоу форматында жүргізді. "Дертке шипа" теле-шоуының бір тақырыбы ретінде алынған "Сіз тамақтану режимін сақтайсыз ба?" деген мәселе әр бір студентке өзекті болып табылады. Осы теле-шоу бағдарламасы аясында студенттер бірнеше мамандар рөлінде ақпарат беріп өтті. Ең қызықтысы, осы тақырып бойынша студенттерден сауалнама жүргізілді.

Бұл тақырыптың үнемі сабаққа асыққан әр бір студент үшін маңызы зор. Бағдарлама аясында мамандар тарапынан кеңестер беріліп, студенттер біраз ақпаратқа ие болды.

Куратор-эдвайзер Борибаева Г.А.

15.11.2013

Қарашаның 15, 2013 филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясының 3 курс студенттері ҚазҰУ студенті оқу тиіс 100 кіттап аясында «Қазақ көркем шығармалары бойынша салт дәстүрлер» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Студенттер өткізген іс- шара әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығына арналды. Топ студенттері ҚазҰУ журналистика факультенінің және Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен біріге отырып М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан «Шіліктідегі кездесу» үзіндісіне көрініс қойды. Студенттер өз рөлдерінжоғары актерлік шеберлікпен ойнап шықты. Өткізілген ашық тәрбие сағатының берер тәлім тәрбиесі мол болды.
Куратор- эдвайзер Қоңырбекова Т.О.