Оқушыларға

Құрметті оқушылар!

  Сіздерге жаздық демалыс кезінде ойларыңызды дамытып, жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық ретінде немесе еліміздің мерейін асыратын дүбірлі халықаралық додаларда топ жару үшін келесі есептерді ұсынамыз. Сіздер бұл есептердің шешімін тауып, жауаптарыңызды электронды түрде кафедраның үздік студенті, бірнеше студенттер арасындағы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы, 3-ші курс студенті Ахымбек Мейрамға (ahymbek.meyram@gmail.com адресі бойынша) жолдаңыздар. Сіздердің жауаптарыңызды іргелі математика кафедрасының жоғары білікті профессорлары мен оқытушылары, докторанттары, магистарнттары және алғыр студенттері бағалайтын болады.

  Және де биылғы 2013 жылдың «әл-Фараби-2013» олимпиадасының 2-ші турына ұсынылған есептерді ұсынып отырмыз. Бұл есептердің негізгі мазмұны сіздерге келесі «әл-Фараби-2014» олимпиадасында жеңімпаз болуға жол ашар деген сенімдеміз.

Іске сәт ойы жүйрік, ақылы терең біздің жас достар!

 



Ақпарат