«Роман-герман тілдері» клубы

«Роман-герман тілдері» клубы

Клуб жетекшілері: шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушыларыД.А. Карагойшиева және Ж.Ж. Кузембекова.

Клуб 2012 жылдың қыркүйек айынан өз жұмысын бастады. Клубқа «Шет тілі: екі шет тілі», «Шетел филологиясы», «Аударма ісі», «Қазақ филологиясы: қазақ тілі» мамандығының 3 курс студенттері мүше болды, жалпы саны – 14 студент.

Клуб мақсаты: жас ғалымдарды роман-герман тілдерін зерттеуге даярлау, студенттердің топпен жұмыс істеу, сөйлеу қарым-қатынасын орната білу қабілеттерін шыңдау.

4.12.2014 ж. "Роман-герман тілдері" клубының университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Роман-герман тілдеі" атты дәстүрлі мерекесі өтті. Аталмыш клуб аясында өтетін дәстүрлі жыл сайынғы мереке биыл университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Мереке жарыс түрінде орын алды. Бұл жылғы мерекенің тағы бір ерекшелігі Биология және Биотехнология студенттерін де қамтыды. Дүбірлі додада 4 топ сайысты: 1. Голланд тобы, 2. Биолингва тобы, 3. Фламенко тобы, 4. Итальян тобы. Бас жүлдені екі факультеттен құралған 1 курс ББ және 2 курс ҚФ мамандықтарынан құралған студенттердің тобы - Биолингва тобы жеңіп алса, 2-орынды Голланд, Фламенко топтары, ал 3-орынды Итальян тобы қанжығасына байлады.

Қазылар алқасы құрамында кафедрамыздық құрметті оқытушысы, фил.ғыл. докторы, профессор Сүлейменова Э.Д., деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есімова Ж.Д., факультеттің аға куратор-эдвайзері Бектурова Э. және т.б. болды.

"Роман-герман тілдері мерекесі (01.03.2013)


Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы ұйымдастырылуымен өткізілген 2013 жылы 4 желтоқсан айында

«Роман-герман тілдері мерекесі» атты дәстүрлі

іс-шараның

Есебі

Іс-шараның мақсаты: филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті екі шет тілі: ағылшын тілі мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің роман-герман мемлекеттері бойынша танымдық ілімін арттыру, студенттердің интеллектуалды, музыкалды қабілеттерін дамыту, жан-жақты өзін-өзі көрсетіп, өз білімін сынап көруге жағдай жасау, студенттердің романтану мен германтану пәніне деген қызығушылығын арттыру, студенттердің өнерін тамашалау. Біздің бұл мерекеміз 1- курс студенттеріне екінші шет тілін (неміс, француз тілдері) дұрыс таңдау, бағыт-бағдар беру мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырып, өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар: Мерекені жалпы тілі білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Д.А. Қарағойшиеваның, Ж.Ж. Күзембекованың екінші шет тілі (яғни неміс, француз тілдері) пәні бойынша білім алушы тобы, яғни екі шет тілі мамандығының 2, 3 курс студенттерінің, биология факультетінің 1 курс студенттері және шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранттарының ұйымдастырылуымен өткізілді.

Іс-шараның өту барысы:. Мерекеде студенттер Италия, Испания, Голландия және Латын елдері жайында студенттерге жалпы елтанымдық мәлімет берді, презентация арқылы мәдени ескерткіштерді, ұлттық тағамды, биді және әнді көрсете білді. Мерекенің өту формасы жарыс түрінде ұйымдастырылды. Мерекеде неміс, француз және ағылшын тілдерінде өлеңдер айтылды. Мәселен, екі шет тілі мамандығының үшінші курс студенттері неміс тілінде өлеңін айтты, екі шет тілі мамандығының екінші, екінші, төртінші курс студенттері Шанаев Русланбектің, Әшірәлі Әйгерімнің, Тұраш Шынардың орындауында ағылшын,француз, неміс әндері орындалды.

Іс-шараның тәрбиелік мәні: Бұл мерекенің тәрбиелік мәні зор болды деп ойлаймыз. Себебі, осы мерекенің негізінде студенттер топпен жұмыс істеу қабілеттіліктерін ұштап, бірлесіп, бір-бірін бағалап, бір-бірімен қоян қолтық жұмыс жасай білді. Студенттер үлкен жауапкершілікпен қарап, мерекеге байланысты эмблема, презентацияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана білді. Яғни, заман талабына қатысты техникалық құралдарды да ұтымды қолдана білді.

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы

кафедрасының доценті Д. А. Қарағойшиева

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы

кафедрасының оқытушысы Ж.Ж. Күзембекова