"Мұрагер" еріктілер қозғалысы

2014 жылдың 13 желтоқсанында «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшісі, доц. П.Т. Медетбекова мен еріктілер қозғалысының жаңа мүшесі шетелдік студент Дэвен Хесспен және кафедра оқытушылары Ж. Күзембекова, Т. Қоңырбекова «Жанұя» балалар үйіне барып, жоспар бойынша кезекті жұмыстарын атқарды.

Американдық студент Дэвен Хесс 2015 жылдың 14 қаңтарынан мамырына дейін «Жанұя» балалар үйінде әр аптаның сәрсенбісінде балаларға көмек қолын созбақ. Сонымен қатар келесі кездесу жоспар бойынша осы жылдың 23 және 25 желтоқсан күндері балаларға арналған жаңа жылдық шара ұйымдастыру

***********************

2013 жылдың 8 қарашасында жалпы тіл білімі және шетел филологиясы жанынан құрылған «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысы мүшелерінің ұйымдастыруымен №8 Ардагерлер үйінде «АЙНАЛАҢДЫ НҰРЛАНДЫР!» бағдарламасымен сенбілік өтті.

Сенбілікке кафедраның 2 курс магистранттары: Шерімқұлова М., Салиева П., «Қазақ филологиясы» мамандығының 4 курс студенттері: Дауталиева С., Дүйсенбиев А., Әбділда Дамир,, 3 курс және 1 курс (2 топ) студенттері қатысты.

Ұйымдастырушылар - «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшілері: профессор Мәдиева Г.Б., доценттер Медетбекова П.Т., Уматова Ж.М.

«Мұрагер» еріктілер қозғалысы туралы

(жетекшілер: д.ф.н. Мадиева Г.Б., к.ф.н. Медетбекова П.Т.)

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына жолдаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы аясында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Мұрагер» еріктілер қозғалысы 2012 жылдың тамыз айынан бекітілген бағдарламасы бойынша өз жұмысын атқаруда. Аталмыш қозғалыста әлем тілдері, әдебиеттану және филология факультетінің студенттері, магистранттары мен мектеп оқушылары және ата-ана тәрбиесінен тыс қалған «балалар үйі» мен «жастар үйінің» тәрбиеленушілері, қоғамымызда мәдени қарым-қатынас орнату мақсатында, өнерге, білімге, ғылымға қызығушылық танытқан студенттер мен магистранттар, оқушылар мен жастар мүше болуда.

Қозғалыс жиылыстары мен іс-шаралары айына 1 рет өтуде және бағдарлама оқу жылының 9 айына жоспарланған.

Қозғалыстың мақсаты: оқушылар мен студенттер және магистранттардың мәдени қарым-қатынас орнатуға, өнерге, білімге, ғылымға қызығушылық оята отырып, жан-жақты білімін, біліктілігін қалыптастыру, жастардан келешекте тәрбиелі, өнерлі, білімді, білікті мамандар мен қоғамымыздың нағыз азаматтарын дайындауға өз үлесін қосу.

2012 жылдың қыркүйек айында «Айналаңды нұрландыр!» бағдарламасы бойынша №1 балалар үйінің «Қайсар» тобына –

«Ораза айы мүбәрәк болсын!» (тамыз айында, ауызашар беру)

«Тіл өнері» атты (қыркүйек айында);

«Өзім туралы» тақырыбында Қасым Аманжоловтың шығармашылығы мен өмірі жайында кеш (қазан айында);

«Алтын күз (қараша айында)»

«Құрбан айт» мерекелерін бірге өткізілсе (қараша айында),

«Қарттарым аман сау жүрсін!» тақырыбы бойынша қаламыздағы қарттар үйінедегі қарттармен бірге «Жаңа жыл» мерекесі қарсаңындағы мерекелік кеш ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да жоспар бойынша іс-шаралар өз деңгейінде өтеді деген сенімдеміз.