Жерұйық клубы

«Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Факультеттегі атаулар» атты ғылыми-танымдық кезекті жиыны өтті.

28 қараша 2013 ж., сағат 15.00-де А.С. Аманжолов атындағы 322 дәрісханада филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Факультеттегі атаулар» атты ғылыми-танымдық кезекті жиыны өтті. Бұл жиын факультеттегі дәрісхана атаулары мен клуб, үйірме, ұйым атауларына қатысты өтті. «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы – Ертаева Фариза, «Ай – Ару» - Қыдырбай Мөлдір; «Түркі әлемі» - Әуесхан Райма, «Жәдігер» - Сдихова Жайнагүл; «Көкжиек» - Алиев Асан; т.б.

Клуб жетекшілері, ұйымдастырушылар – филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова.

Жиынға факультеттің 1, 2, 4 курс студенттері мен 1 курс магистранттары және оқытушылар: Ибраева Ж.Қ., Мәмбетова М.Қ. Бектемірова С.Б., Бөрібаева Г., және т.б.

«Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы туралы

2012 жылдың 14 қыркүйегінде шетел филологиясы мен жалпы тіл білімі кафедрасы жанынан «Ономастика теориясы» үйірмесінің негізінде «Жерұйық» ономастикалық өлкетану үйірмесі болып ашылды. Алғашқы үйірме құрамына ғылыми әлемге құмартқан, ономастикаға қызығушылығы жоғары «5В020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығының 1-3 курс студенттері мүше болды. Үйірме жетекшілері: кафедра меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор – Мәдиева Г.Б.; кафедра доценті, филол.ғ.к. Медетбекова П.Т.

Үйірме мүшелері бекітілген үйірме бағдарламасы бойынша айына 1 рет жиналыс өткізді. Қараша айындағы кезекті жиыны «Аңыздар сыр шертеді» тақырыбы бойынша өткізіліп, сондағы жиынға қатысушылар мен үйірме мүшелерінің шешімімен, әрі үйірмеге мүше болушылардың санының артуына орай үйірме жұмысының бар атқарып жатқан жұмыстары «клубқа» сай екені ескеріліп бірауыздан қабылданды.

Клуб мүшелері тікелей «ономастика теориясы» пәнімен байланыстырылып, ай сайынғы үйірме жиынында бекітілген жоспар бойынша тағайындалған жауыпты студенттермен жүргізілуде.

Үйірменің мақсаты:

  • · Әр жердің, географиялық тұрғылықты орындардың атауына мән беріп, олардың аталу тарихына үңілу;
  • · Студенттерді өз бетімен жеке ғылыми зерттеу жасауға үйрету;
  • · Ономастикалық сөздік қоры мен білім аясын кеңейту;
  • · Ономастика теориясының әдіс-тәсілдерін практикада шыңдау;
  • · Студенттердің ғылыми тілде сөйлете білу;
  • · Үйірмені оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің жеке жұмыс барысына табыстай отырып, оларды жауапкершілік пен ізденімпаздыққа баулу.

Жерұйықтың кезекті есеп беру кеші өтті


24 қазан 2013 ж., сағат 16.00-де М. Әуезов атындағы 312 дәрісханада филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Ономастика шыңы» атты ғылыми-танымдық мерекелік шарасы өтті. Клуб жетекшілері, ұйымдастырушылар – филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова.

Мерекелік шара Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы М. Ахетов, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің басшысы Ө.Қ. Қалабай, университеттің тәрбие және тіл саясатын ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтасыз ету бөлімі маманы Б.Ш. Карикулова және Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Д. Есімова және факультет ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен өтті.