Негізгі бет  →  Факультеттер  →  Биология және биотехнология факультеті  →  Кафедралар  →  Молекулалық биология және генетика кафедрасы

Молекулалық биология және генетика кафедрасы

Кафедра қалыптасқаннан бастап 560-тан астам мамандар шығарылды. Кафедрада аспирантураны 70-тей адам сәтті бітіріп шықты. Кафедраның 90-нан астам бітірушілерінің, аспиранттарының, докторанттарының биология ғылымдарының кандидаттары мен докторанттары ғылыми дәрежелері бар, ал c 2008 жылдан - Ph.D ғылыми дәрежесін ала бастады..

Кафедра жалпы және молекулалық генетика, өсімдіктер генетикасы мен селекциясы, адам генетикасы, молекулалық және клеткалық биология, өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы мамандықтары бойынша дайындық жүргізеді. Студенттер кафедрада мамандану уақытында қазіргі заманғы генетика мен молекулалық биологияның әртүрлі салаларынан негізгі теоретикалық дайындықты алады.

Оқу процесіндегі негізгі бағыттар:

Бакалавриат: "БИОЛОГИЯ" – 050607, 050113; "БИОТЕХНОЛОГИЯ" – 050701; "ЭКОЛОГИЯ" – 050608; "БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ"- 050804 мамандықтары бойынша студенттерді дайындау.

Магистратура: "БИОЛОГИЯ" – 6N0607; "БИОТЕХНОЛОГИЯ" – 6N0701 мамандықтары бойынша студенттерді дайындау..

Базалық және профильді пәндерді таңдау жүйесі өңделді және кафедра оқутышыларымен, сонымен қатар академиялық ҒЗИ –нан шақырылған жетекші ғалымдармен жүргізіліп жатыр. Олардың ішінде – ҚР ҰҒА –ның академигі М.Қ. Гильманов, профессор Б.Қ. Искаков.

Мемлекет үшін дәрежелі генетиктермен молекулалық биологтарды дайындау жолында кафедра жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кафедраның негізгі ғылыми зерттеулері мынандай бағыттарда дамып жатыр: хромосомалық инженерия және өсімдіктер селекциясының генетикалық негіздері; гендердің қалыптасуы және молекулалақ - генетикалық механизмдерінің реттелуімен олардың белсенділігін зерттеу; жалпы генетика курсы бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін объектілермен шаруашылық – құнды генофондты байыту; адам мен жануарлардың, өсімдіктердің тұқымқуалау аппаратына экологиялық-қолайсыз факторлардың әсерін талдау.

Хромосомалық инженерия бойынша зерттеулер бидай сорттарының генотиптерінде аудандастырылған белгілі бір шаруашылыққа құнды белгілерді бақылайтын гендерді енгізу және химиялық мутагенездің генетикалық әсерлеріне негізделген. Геномдардың қызметін зерттеу бойынша жұмыстардың мынандай мақсаттары бар: генетикалық модуляторлардың әсерінен гендер экспрессиясын координациялайды және клеткалық және молекулалық механизмдерді қалыптастырады, сонымен қатар клеткаішілік сигнализацияның молекулалық-генетикалық негізімен онкогенездің, геномның тұрақсыздығына әкеледі.

Көптеген бітірушілер көрнекті ғалымдар және тәжірибелі селекциялық станциялармен ҒЗИ бөлімшелерінің жетекшілерімен директорлары, ғылым ұйымдастырушылары болып табылады, сонымен қатар ЖОО мұғалімдері. Біздің бітірушілер шетел мамандарының арасында өздерінің еңбектерімен жоғарғы беделге ие болды (Ұлыбританияда, Египетте, Израилде, АҚШ, Францияда, ГФР және т.б. мемлекеттерде).