Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының 2008-2009 оқу жылының бірінші жартысында атқарған іс шаралары жөніндегі
ЕСЕБІ
Заң факультетінде тәрбие саласында атқарылған іс-шаралар факультеттің оқу жылының басында бекітілген жоспарға сай атқарылды. Факультет ұстаздары, студенттер университет, факультет деңгейіндегі іс-шараларға белсенді түрде қатысты. Атқарылған жұмыстар келесі бағытта өрбіді:
I. Күнтізбеде белгіленген мерекелік және атаулы күндерге байланысты атқарылған шаралар:
1. Факультетте 2008 жылдың 29-шы тамызында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Оған Конституцияның авторлары болып саналатын С.С. Сартаев, В.А. Ким және т.б. белгілі ғалымдар қатысып, баяндама жасады.
2. 2008 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызында білім күніне байланысты оқуға түскен студенттермен кездесу өткізіліп, оларды факультеттің оқу залдары, аудиторияларымен, ұстаздармен таныстыру кеші өткізілді.
3. 2008 жылдың 23 қазанында Республика күніне орай, «Егемендік туралы» декларацияның авторы ҚР ҰҒА акдемигі з.ғ.д., профессор С.С. Сартаевпен кездесу өткізілді.
4. 2008 жылдың 12 желтоқсанында «Тәуелсіздік күніне» байланысты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заңның авторлары және еліміздің тәуелсіздігінің дамуына үлкен үлес қосқан бір топ азаматтарымен кездесу өткізілді.
II. Факультет деңгейінде өткізілген іс шаралар:
1. 2008 жылдың қыркүйек айында студенттер маслихатының кезекті жиналысы өткізілді. Бұл жиналыста маслихат төрағасының және “Заңгер отрядының” жетекшісін қайта сайланды.
Маслихат төрағасы – Зейділда Айдар.
Кәсіподақ төрағасы – Нұрахмет Эльеонора.
Заңгер отрядының командирі – Сейтметов Мақсат.
2. Факультет студенттері күшімен “Заңгер отряды” қайта жасақталып, құрамы және міндеті анықталды.
3. Топ старосталарымен апта сайын кездесу ұйымдастырылып, тиісті іс-шаралар іске асырылуда.
4. 2008 жылдың 10 қазан күні Факультет деканаты, Сот билігі және қылымыстық іс жүргізу кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚР сот билігінің қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Оған еліміздің көптеген белгілі заңгерлері мен Жоғарғы соттың өкілдері қатысты.
5. 2008 жылдың 14 қазан күні Факультет деканаты, қылымыстық құқық және криминология кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершкілігі» атты ғылыми-студенттік конференция өткізілді.
6. 2008 жылдың 28 қазан күні Факультет деканаты, қылымыстық құқық және криминология кафедрасының ұйымдастыруымен «Өлім жазасы. Қолдау және қолдамау» атты ғылыми-студенттік пікірсайысы өткізілді.
7. 2008 жылдың 12 қараша күні факультет деканаты университет кітапханасымен бірлесе отырып, студенттерінің отаншылдық сезімдерін күшейту мақсатында М. Әуезовтың «Қилы заман» повестін талдау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
8. 2008 жылдың 18 қараша күні Факультет деканаты, қылымыстық құқық және криминология кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім кітабы әрдайым ашық» атты 2 курс студенттері арасында КВН ойыны өткізілді.
9. 2008 жылдың 14 қараша күні факультет студенттеріне арналған «Нашақорлыққа, Спидке және алкоголизмге қарсы» дәріс ұйымдастырылды. Дәрісті тиісті ұйымдардың мамандары жүргізді.
10. 2008 жылдың 2 желтоқсан күні Факультет деканаты, қылымыстық құқық және криминология кафедрасының ұйымдастыруымен «Стоп коррупция» атты жемқорлыққа қарсы форум өткізілді. Оған Алматы қаласының құқық қорғау органдарынан және басқа ЖОО студенттері қатысты.
11.2008 жылдың 18 желтоқсан күні Факультет басшылығы, Сот билігі және қылымыстық іс жүргізу кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖОО-ғы жемқорлықпен күресу» атты ғылыми-студенттік конференция өткізілді.
12.2008 жылдың 19-20 желтоқсан күндері «Жаһандану жағдайында аграрлық, экологиялық және табиғи ресурстық заңдылықты қолдану мен жетілдірудің өзекті мәселелері». («Байсалов оқылымдары - 2008») атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізілді.
III. Университет деңгейінде ұйымдастырылған іс
шараларға қатысу:
1. Тіл мерекесіне арналған фестивальға факультеттің белсенді студенті - Малагов Жал Али қатысып, өнерімен көзге түсті.
2. 2008 жылдың 4-ші қазанында өткізілген қалалық сенбілікке 400-ден астам студент жұмылдырылып, факультеттке бөлінген аумақты тазартты.
3. 2008 жылдың 6-шы қазанында өткізілген «Студенттер қатарына қабылдау» мерекесіндегі қойылымдарға факультеттің студенттері белсене қатысты.
4. 2008 жылдың 12 желтоқсанда өткізілген Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған Университеттік концертке факультеттің бірнеше студенті қатысып, өнерін танытты.
IV. № 18 Студенттер үйінде өткізілген іс-шаралар:
1. 2008 жылдың 27-ші тамызында № 18 Студенттер үйінің ашылу салтанаты өткізілді.
2. 2008 жылдың 5-ші қыркүйегінде Студенттер үйінде студенттермен кездесу өткізілді. Бұл кездесуде жатақхана комендантының қатысуымен жатақхана студенттер кеңесінің төрағасы және құрамы қайта сайланды.
3. Факультеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен әр кафедра ай сайын Студенттер үйінде кезекшілікке бекітілді. Кезекшілік айы кезінде кафедра ұстаздары Студенттер үйінде кезекшілік, атақты азаматтармен кездесу, студенттердің жағдайын анықтау секілді әр түрлі шаралар ұйымдастырды. 4. 2008 жылдың қыркүйек айының 28-ші жұлдызында жатақхана акт залында студенттерге арналған ауызашар берілді. Оған Нұр Мүбарак мешітінің имамы, факультет деканы, деканның орынбасарлары мен бірқатар оқытушылар және 80-нен астам студенттер қатысты.
13. Әр аптаның басында, ортасында және соңында коммендантпен бірге шолу жасалынып отырды. Нәтижесінде бірнеше тәртіп бұзушылықтар анықталып, оларға тиісті шаралар қолданылды.
14. «Жасыл ел» бағдарламасына байланысты жүйелі түрде тазалық іс- шаралары ұйымдастырылды.
15.2008 жылдың 18-ші қазанда дін мәселесіне байланысты кеш өткізілді. Бұл кешке орталық мешіттің мамандары және дін саласының ғалымдары сондай – ақ басқа да діндерді қабылдаған қазақ жастары шықырылып, қызықты кеш өткізілді.
V. Оқу жылында қол жеткізілген нәтижелер:
1. Факультетіміздің бір топ студенттері түрлі қалалық, республикалық, халықаралық спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болды. Олар: Рахметов Айбек, Ақылбек Сәрсен, Лесбек Шыңғысхан, Бекзат Даулет, Рысқұл Ұлан, Аширов Дархан, Есенқұлов Алмас және т.б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің 1.09.08.-20.11.08. жұмыс жоспары
Іс-шара Мерзім Жауаптылар 1 Білім күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастыру(жастардың қатысуымен дөңгелек үстел) 1.09.08. Мәслихат, студенттер кәсіптік бюросы 2 Мәслихаттың жұмыс жоспарын бекіту 9.09.08. Мәслихат 3. Бірінші курс студенттерімен жиналыс өткізу 12.09.08. Маслихат, студенттер кәсіптік бюросы 4. Ораза айына байланысты «Ауызашар» қайырымдылық акциясына қатысу 28.09.08. Мәслихат, студенттер кәсіптік бюросы 5. Студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы Қазан Мәслихаты студенттер кәсіптік бюросы/ 6. Факультеттің белсенді студенттері, старосталары, маслихат және кәсіподақ мүшелермен бірлескен отырысын өткізу. Әр айдың екінші сәрсенбісінде Маслихаты студенттер кәсіптік бюросы 7. Факультеттің қабырға тақталарын жаңарту Қазан Мәслихат 8. «Біздің жұлдыздар-2008» талантты студенттер байқауын ұйымдастыру 16.10.08. Мәслихат 9. Факультеттің түлектерімен кездесу.Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес,Жоғарғы Сот, Прокуратура қызметкерлерімен кездесу 17.10.08. Мәслихат 10. Жастарды «Халықаралық бағдарламалармен» таныстыру Қазан Мәслихат 11. Факультет жастарының болашақ жұмыспен(тәжірибемен) қамтылу мақсатында, факультет пен құқық қорғау органдары арасында өзара байланысты нығайту Қазан-Қараша Мәслихат 12 . Мәслихат мүшелерінің ұйымдастырушылық және лидерлік қасиеттерін дамыту үшін тренингтер ұйымдастыру 28.10.08. Мәслихат 13. «Заң факультетінің Деканының жүлдесіне арналған» факультеттік КВН сайысын ұйымдастыру 20.11.08. Мәслихат


