Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 

5.02.2021

                 Сипаттамасы

                                                                  Сертификат нөмірі

Оқытушының аты-жөні

1

   Upper-Intermediate ағылшын курсына       қатысты

 

 19/08/2020 To13/11/2020

 

Кистаубаева А.С.

 

2

   IELTS INTERPRESS

КУӘЛІК

 Жалпы ағылшын тілі курсының үздігі марапатталды

 

 

 

 

 IELTS INTERPRESS

 CERTIFICATE

 13/03/2019 to 30/08/2019 

Атамбаева Шара

3

 IELTS INTERPRESS

 КУӘЛІК

 Жалпы ағылшын тілі курсының үздігі   Intermediate

 

 IELTS INTERPRESS

 CERTIFICATE

 04/11/2019 to 21/05/2020 


  

Атамбаева Шара

4

 IELTS INTERPRESS

 КУӘЛІК

 Жалпы ағылшын тілі курсының үздігі   марапатталды

 Деңгей: Elementary 

 

 

 IELTS INTERPRESS

 CERTIFICATE

 13/03/20190to 30/08/2019  


 

  

 

Атамбаева Шара

5

 КУӘЛІК

 Мұны мойындау үшін

 «Зерттеулерді басқару және басқару»

 СЕРТИФИКАТ

 

 CERTIFICATE

  

Молдир Нурсеитова

 

6

 

«ОКСФОРД ЭДЬЮКЕЙШН» орталығындағы ағылшын тілі (Жоғары-орта)

 

ОКСФОРД ЭДЬЮКЕЙШН” Centre 

 

  

Молдир Нурсеитова

7

 Interlab сертификаты

 «Ғылым мен практикадағы заманауи  аналитикалық әдістер мен құрылғылар»

 

 ООО Интерлаб на базе 

 12/03/2014 

  

Нурсеитова М.А

 

8

 КУӘЛІК

 Бұл Нұрсейітова М-дің 1-ші Халықаралық  азық-түлік қауіпсіздігі мектебіне қатысқандығын растау 

CERTIFICATE 

9-15/12/2011 

  

 

Нурсеитова М.А

 

9

 IELTS INTERPRESS 

 КУӘЛІК

 Жалпы ағылшын тілі курсының үздігі  марапатталды

 Деңгей: Upper-Intermediate

 

 CERTIFICATE

 IELTS INTERPRESS

 4/11/2019 to 17/04/2020

  

 

Нармуратова Мейрамкуль

10

Оқу ісі департаментіне қарасты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогикалық шеберлік орталығы

Сертификат

 

Свидетельство 

  

Атабаева С.Д.

 

11

Халықаралық метаболизмдік инженерия қоғамы (IMES) Тяньцзин өндірістік биотехнология институты, CAS метаболизмдік инженерия саммиті (MES 2019)

 

20-22/1202019 CHINA 

  

Косалбаев Бекжан

 

12

Оқу ісі департаментіне қарасты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогикалық шеберлік орталығы

Сертификат

«Білім мен дағдыларды бағалау әдістері. Оқытудың белсенді әдістері PBL, CBL, TBL 

18/02/2020-27/02/2020 

  

Ережепов А.Е

 

13

TOEFL.ITP

№776467

1973-11-07.

2019-09-18

  

 

Турашева С.К.

 

14

2019ж 'Жоғары оқу орның үздік оқытушысы''

 

Нұр-Сұлтан2020  


Турашева С.К.

 

15

Сертификат

“Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-фараби педагогикалық тұждамасының заманауи интерпретациясы” –атты                                                                  халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция.

 

Алматы қаласы.12-13 ақпан 2020ж

  

Турашева С.К.

 

16

Микробтық биоалуантүрлілік және биотехнология

 

June30 to 7july2019 

  

Кистаубаева А.С.

 

 

 

03.07.2020.

Қадірлі ұстазымыз, Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Заядан Болатхан Казыханұлы маусымның 26 жұлдызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып сайланды.

Болатхан Казыханұлы Сізді академик болып сайланған үлкен жеңісіңізді шын жүректен құттықтаймыз!

  Ғылымда қанатыңыз талмай самғай беріңіз, Қазақстан ғылымына әлдеде қосатын үлесіңіз зор, Сізді қазіргі әлем ғылымындағы тың бағыттар Биоэнергетика, Фотобиотехнология саласының биік шыңынан көрейік!

 

ҒАЛЫМ БОЛУ - ҚАЖЫМАС ЕҢБЕКТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

 

Заядан Болатхан Қазыханұлы «Фототрофты микроорганизмдер, оларды биотехнология және биоэнергетикада пайдалану» бағыты бойынша Қазақстанда алғаш жаңа ғылыми мектебін ашты, оның жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ –нің Фотобиотехнология зертханасы жұмыс жасайды. Аталмыш зертхананың негізінде фототрофты микроорганизмдер биологиясы және биотехнологиясына бағытталған ҚР БҒМ және ҚР ҰҒА қаржыландыратын 17 ғылыми-зерттеу жобалары оның жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оның ғылыми мектебінің негізгі зерттеу бағыттары медицинада және ауыл шаруашылығына арналған биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) мен биологиялық белсенді жемдік қоспалар (ББЖҚ) алу, биожанармай және биотыңайтқыштар алу, қоршаған ортаның ластанған объектілеріне биомониторинг және биоремедиация жүргізу үшін болашағы мол маңызды фототрофты микроорганизмдерді іздеу және зерттеумен байланысты.

2017 жылы "Болашақ энергиясы" тақырыбына арналған Астанадағы "ЭКСПО 2017 шеңберінде биодизель алу мақсатында фотобиореакторларда микробалдырларды жаппай өсіру және мониторингілеу" жобасын басқарды.

Б.Қ. Заядан өмірінің көп уақыты мен күшін жоғары білікті маман дайындауға бөледі. Оның жетекшілігімен 6 кандидаттық және 8 PhD диссертация, 30 магистрлық диссертациялары қорғалды.

Б.Қ. Заяданның жетекшілігімен өндірістік биотехнологияда болашағы мол табиғи және мутантты 90 штаммнан тұратын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің цианобактериялар мен микробалдырлар коллекциясы (CCM KazNU - Culture Collection of microalgae, Al-Faraby Kazakh National university) құрастырылды.

Б.Қ. Заядан АҚШ, ҚХР, Польша, Ресей, Чехия, Жапония және Ұлыбританияның ірі ғылыми зерттеу орталықтарымен бірлесіп белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Б.Қ. Заядан жақын және шет елде, Қазақстанда жарияланымға шыққан 20- дай патент және 400-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішіне 15 кітап, 5 монография және International Journal of Hydrogen Energy, Journal of Biotechnology, Genome Announcements, FEMS Microbiology Letters, Photosynthesis Research, Russian journal of Plant physiology, Microbiology, Applied Microbiology and Biotechnology сияқты жоғары рейтингті халықаралық журналдарда жарияланған 80-нен астам мақалалары кіреді.

Соңғы 5 жылда публикациялар сілтемелері 448, h- индекс хирша -10 көрсетті.

Заядан Болатхан Қазыханұлы университеттердегі биология және биотехнологияны оқытудың заманауи талаптарына сәйкес келетін, биология ғылымдарының күрделі мәселелерін айқын және толық мазмұндайтын «Биомониторинг водных экосистем на основе микроводорослей», «Фототорфты микроорганизмдер биотехнологиясы», «Экологическая биотехнология фототрофных микроорганизмов» монографиялары, «Тағам биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Basics of Biotechnology», «Биотехнология фототрофных микроорганизмов» оқулықтары және «Environmental biotechnology», «Су тоғандарының микрофлорасы», «Биотехнология негіздері», «Микробалдырлардың таза дақылдарын бөліп алу және оларды белсенді өсіру тәсілдері», «Биология талапкерлерге дәнекер», «Фототрофты микроорганизмдердің биотехнологиясы бойынша зертханалық практикум» оқу құралдары жарық көрді.

Заядан Б.Қ. биотехнология және биология мамандықтары бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мамандандырылған Докторлық Кеңесінің мүшесі, ҚазҰУ хабаршы (Экологиялық серия) журналының бас ғылыми редакторы. Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің биология мамандықтары бойынша комиссия төрағасы.

Заядан Б.Қ. педагогикалық, ғылыми және қоғамдық қызметтеріндегі жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарының үздік оқытушысы» атағына екі рет ие болды (2008ж. 2018ж.), ҚР ғылым мен техниканың дамуына үлесін қосқан ғалымдар үшін мемлекеттік ғылыми стипендиясының (2014) иегері атанды.

2016 жылы педагогикалық қызметіндегі жетістіктері үшін ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.

2017 жылы Web of Science Core Collection мәліметтері бойынша "Жасыл энергетика" саласындағы қазақстандық ғалымдар арасында 2012-2016 жылдар аралығындағы жоғары дәйексөзге келтіргені үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.

2017 жылы Springer Nature баспасының мақалаларында жарияланған жарияланым белсенділігінің жоғары көрсеткіштері үшін сертификатпен марапатталды.

2018 жылы "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің төс белгісімен марапатталды.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгісінің иегері.

2019 жылы Top researcher in Engineering and technologies" номинациясында Scopus Award-2019 дипломымен марапатталды.  

2019 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 

 

Құрметпен шәкірттері 


 

 

 

19.02.2020

               Биотехнология кафедрасында оқытушылар жыл сайын Республикалық «Үздік оқытушы» байқауына қатысады және өз кандидатураларын ұсынғандардың барлығы жеңіске жетеді - демек, кафедрада жоғары білікті оқытушылар құрамы жұмыс істейді.

               Осы жылдың үздік оқытушыларын құттықтаймыз: Садвакасова А.К. және Турашев С.К биотехнология кафедрасының б.ғ.к., доценті. Бұл сыйлық әлемнің үздік университеттерінде біліктілігін арттыруға, Халықаралық конференцияларға қатысуға, оқулықтар шығаруға, импакт-фактормен мақала шығаруға мүмкіндік береді.

 

Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз, құрметті біздің ұстаздар!

 


 

Иегерлер
Сипаттама 
Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғлымдарының докторы, профессор Болатхан Қазыханұлы Заядан «ЖООның үздік оқытушысы» сыйлығының иегері атанды.
Үздік және лайықты сыйлық: Профессор ИващенкоАнатолий Тимофеевич  Әл-Фарабиің күміс медалімен марапатталды
"Биотехнология" мамандығы бакалавриат, магистратуреа мен докторантура бойынша халықаралық ASIIN аккредитация өтіп, лайықты куәліктерге ие болды.  
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, Б.Ғ.Д., ПРОФЕССОР ЗАЯДАН БОЛАТХАН ҚАЗЫХАНҰЛЫ – ҚР ҰҒА КОРРЕСПОНДЕНТ МҮШЕСІ, 2017 ж


   

Профессор, б.ғ.д., С.Д. Атабаева,

2017 жыл – «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағы мен грантының женімпазы

 

 PhD Н.Ш. Акимбеков, 

German Academic Exchange Service (DAAD) - 2016 

   

Доцент м.а., б.ғ.к., А.А. Кистаубаева,

2016 жыл – «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағы мен грантының женімпазы


 

 

Б.ғ.д., профессор С.С. Кенжебаева, 

2015 жыл – «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағы мен грантының женімпазы