Насимова Г.О.

НАСИМОВА ГҮЛНАР ӨРЛЕНБАЙҚЫЗЫ

Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор

Саясаттану кафедрасы жоғарғы білікті саясаттанушы мамандарды дайындайды. Саясаттанушы студенттер мамандық үшін мынандай өзекті пәндерді оқиды: саясат теориясы, саяси ілімдер тарихы, саяси талдау және жорамалдау, салыстырмалы саясаттану, саяси мәдениет, идеология, саяси конфликтология, саяси әлеуметтану, геосаясат, қазіргі халықаралық қарым-қатынас, дипломатия және дипломатиялық қызмет. Біздің студенттер тәжірибелік дағдылану үшін бірінші курстан бастап мемлекттік билік органдарында тәжірибеден өтіп бастайды. Өндірістік және зерттеу тәжірибесі кезеңінде саясаттанушы студенттер

Қоғамдық ой-пікірді зерттеу орталықтарында өзін көрсете біледі, мәселен, сайлау комиссияларында, саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың аппараттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында. Біздің түлек – қазіргі әлемде саясат сферасындағы бәсекеге қабілетті сарапшы, саясаттану саласы бойынша дипломға ие маман.