Дөңгелек үстел

31 қаңтарда 2012 жылы Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Әлеуметтік-экономикалық модернизация – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауын талдау үшін профессорлар кеңесінің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жиынында Жолдауды жүзеге асыру барысында ұжым алдында тұрған мәселелері жайлы әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің деканы Ермекбаева Б.Ж.  жиынды ашты.

ҚР НАН Академигі, э.ғ.д.,  профессор Сатубалдин С.С. «Инновация және индустрия әлеуметтік мәселелерді шешудің негізгі жолы» атты баяндамасымен шықты.  Дөңгелек үстел жиынында 11 баяндама болды, онда Жолдаудағы қарастырылып өткен актуалды  мәселелер мен олардың болашақтағы ел  экономикасының дамуындағы рөлі қарастырылды.  Өзінің баяндамасында  э.ғ.д.,  профессор Шеденов Ө.Қ Қазақстан экономикасының әлеуметтік – экономикалық модеризациясы – Елбасының Қазақстан Халқына Жолдауының өзекті мәселесі екендігін атап өтті. Экономикалық зерттеу орталығының директорыэ.ғ.д.,  профессор  Сагиева Р.К. Жолдау негізінде Қазақстан Республикасының дамуының заңдылығы жайлы өз баяндамасында атап өтті.  Маркетинг және менеджмент кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д.,  профессор  Мухтарова Қ.С. Қазақстан дамуының негізгі бағыттарының механизмдерін қарастырды. Экономика кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д.,  профессор Мухамедиев Б.М.  Қазақстан Республикасының дамуына инновациялық жобалар енгізіліп, дамытылған  аумақтар өз үлесін қосатындығын атап өтті.

Білім беру жүйесіне көп назар аударылды. «Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың экономиканы дамытудағы рөлі» атты баяндамасында э.ғ.к., доцент Бимендиева Л.А.  жоғарғы дәрежелі мамандар даярлау мен олардың мораль жағынан тәрбиесі, жастардың интеллектуалды дамуын қарастырды.  Бұл пікірді Қаржы кафедрасының меңгерушісі  э.ғ.к., доцент Арзаева М.Ж. жалғастырды, ол білім беру жүйесін жетілдіру мен модернизациялауды ұсынды.  Э.ғ.к., доцент  Садыханова Г.А. білім беру жүйесін жетілдіру -  адам капиталының сапалы өсуінің негізі екенін атап өтті.   Учет және аудит кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент Султанова Б.Б және э.ғ.к., доцент Бейсенбаева А.К. Жолдаудағы білім беру мәселесі мен Қазақстандағы білім беру жүйесінің заманауи тенденциясын талдады.  Э.ғ.к., доцент  Мусина К.Р. Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барысында халықаралық білім беру жүйесіне интеграциялану қажет екендігін атап өтті.

Жиында сонымен қатар, қол жетімді үй мәселесі, аумақтық даму, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелері, индустриалды – инновациялық жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығын дамыту және Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық модернизациялаудың  тағы басқа аспектілері қарастырылды.