Мұражайдың тарихы

Мұражайдың тарихы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы биология мұражайы алғаш рет 1936 жылы биология факультеті зоология кафедрасының жанынан зоология мұражайы болып құрылған. Мұражайдың даму кезеңін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады;

І. 1936-1948 жылдар аралығы яғни мұражайдың ұйымдастырылу кезеңі;

ІІ. 1949-1969 жылдар аралығы өсу кезеңі;

ІІІ. 1970 жылдар осы уақыт аралығы мұражайдың толық қалыптасу кезеңі.

Бірінші кезең таксидермист А.Горынин, қор жинақтаушы Б.Сердюк қызмет жасады және көрнекті ғалым Валериан Семенович Бажановтың тікелей бастамасымен мұражайдың алғашқы қорлары жасалды, оған сол жылдар аралығында Қазақстан да КСРО ҒА-ның көптеген ғалымдары республикамыз аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан профессорлар В.Н. Шнитников, А.А. Слудский, доцент В.Н. Селевин және Қазақстанның халық жазушысы, зоолог-ғалым М.Д. Зверевтер мұражайдың қорына өз қорларынан көптеген аңдар мен құстардың тұлыптарын тарту етті. Осы жылдар аралығында мұражайда б.ғ.к., доцент А.А. Емельянов, б.ғ.д. А.Н. Дьяконов, ассистент Г.Ш. Шаменовтер қызмет етті. Мұражайдың қалыптасуына Д.Л. Поляков (ботаника), Н.Г. Скопин (жәндіктер), Н.П. Глиняный (дарвинизм) сияқты мұражай қызметкерлері үлкен үлес қосты.

Екінші кезең 1949 жылғы 14 наурыздағы университет әкімшілігінің № 48 бұйрығына сәйкес зоология мұражайы негізінен биология мұражай етіп қайта құру жарлығы мұражайға кең жол ашты. Мұражай омыртқасыздар зоологиясы; омыртқалылар зоологиясы; ботаника және дарвинизм бөлімдері болып қайта құрылды. 1950 жылы университетте су түбіндегі балықтар, Қазақстанның балықтары, Қазақстанда ауланатын аңдар және адамның шығу тегі туралы диорамалар жасалынып, 40 түрлі құстың тұлыбы және 50 аса аң мен құстың тұлыбтары сатылып алынды, сөйтіп мұражайдың қоры 5000 жәдігерге дейін толықты. Осы кезеңде мұражайдың қорын толықтыруға биология ғылымының докторы, профессор Н.З. Хұсайнованың Арал, Каспий және Жерорта теңіздерден әкелінген жәдігерлерінің маңызы зор, оны қазіргі уақытқа дейін оқу үрдісінде пайдалануда және мұражайдың жүйелеу витриналарында қойылған.

Үшінші кезең мұражайдың жаңа ғимаратын жобалау және ұйымдастыру, сонымен бірге толық қалыптасу кезеңі.

Қазіргі осы мұражайдың үлкен көрме залы университет ректоры, академик Ө.А. Жолдасбековтың тікелей ұйтқы болуының арқасында және проректор, қазіргі білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың, сол уақыттағы биология факультетінің декандары, академиктер И.О. Байтулиннің, М.Х. Шығаеваның, мұражай директоры Л.С. Байтулинаның және таксидермист Э.Ф. Родионовтың, Қазақстанның халық суретшісі К.В. Муллашевтың ұйымдастыруларының арқасында 1984 жылы университеттің 50-жылдық мерейтойы қарсаңында мұражай ашылды. Мұражай үлкен көрме залдан, 1-ші және 2-ші қабаттағы қабырға сөрелеріндегі “Жануарлар әлемінің жүйесі” және “Өсімдіктер әлемінің жүйесі” деген бөлімдерден тұрады. Осы сөредегі жануарлардың тұлыбтарын таксидермистер Э.Ф. Родионов және Б.П. Жуйко, ал безендіру жұмыстарын суретшілер Г.Я. Супонин, Ф.Ш. Абдильшиновалар жасады. Мұражайдың ішіндегі жәдігерлерді жасауға таксидермист Э.Ф. Родионов және шәкірттері З.Т. Серединаның, Б.П. Жуйконың, С. Кокоткиннің, С. Шевяковтың және безендіру мен көркемдеу жұмыстарын жүргізген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Суретшілер Академиясының академигі К.В. Мулашевтың басқаруымен cуретшілер Т. Исхаков, В. Егоров, И. Агапов, А. Уткин және М.П. Кимнің қосқан үлестерін ерекше атап өту керек. Мұражайға жасалынған жәдігерлерді бағалап сараптау үшін “Мұражай кеңес алқасы” құрылды, оның төрағасы болып факультет деканы М.Х. Шығаева тағайындалып барлық кафедралардың меңгерушілері және зоология мен ботаника кафедраларының жетекші мамандары тартылды. Осы жобаны іске асыруда мұражайдың қызметкерлері: Л.С. Байтулина (бұрынғы директор), Э.Ф. Родионов (меңгеруші және алғашқы директор болған), Б.П. Жуйко (таксидермия зертханасының меңгерушісі), З.Т. Серединина – суретші-таксидермист, М.Э. Дильмухамедов - зоология кафедрасының доценті. Сонымен бірге мұражайдың меңгерушілері: Банченко В.К., Ифантьева Л.В., Гаркуша Т., Кобегенова С.С., Хегай И.В., Малиновская В.А., Алпысбаева М.З., Шыңғысова Р.К., Анцыферова А.А.; Таксидермистер: Л. Анохина, Т. Гусева, А. Муров, С. Кокоткин, Н. Қиқымов; Жетекші маман - Ф.Ф. Карпов. Лаборанттар: Р.Ф. Илющенко, С. Шевяков, А. Аскаров.

Мұражайдың бұдан кейінгі дамуына профессор Б.А. Домбровский мұражайдың университет көлемінде ғана емес, республика аумағында ғылыми-зерттеу орталығына айналуына және студенттердің ғылыми жұмыстармен айналысуына, сонымен бірге мұражай қорын әрқашан толықтырып отыру керек екендігін назардан тыс қалдырған емес.

Қазақ ССР Жоғарғы білім министрлігінің 1977 жылы маусымның 27-сінде шыққан № 626 бұйрығы бойынша университеттің биологиялық мұражайына Қазақтың Еңбек Қызыл туы орденді С. Киров атындағы мемлекеттік университетінің ІІІ дәрежелі көмекші оқу бөлімі деген құқықтық мәртебе берілді.

Мұражай ашылғаннан кейін, халыққа мінсіз қызмет еткені үшін және қорының молдығына байланысты 1991 жылы Қазақстанның Республикасының Халыққа білім беру министрлігінің 18 қазандағы бұйрығымен мұражайға I дәрежелі мәртебе берілді.

Әр жылдары мұражайдың меңгерушісі мен директорлары болып қызмет істегендер: А.Е. Горынин, А.А. Емельянов, А.Н. Дьяконов, В.С. Бажанов, Г.Ш. Шаменов, В. Иссык, А. Москалев, Р.И. Зайнутдинов, В.С. Аркелянц, Э.Ф. Родионов, Л.С. Байтулина, О.О. Надырова, Қ.С. Мұсабеков.