Факультет тарихы

Биология факультеті - 1934 жылы негізі қаланған университеттің екі факультетінің бірі. Алғашқы жылдары факультетте ботаника және зоология деп аталатын 2 кафедра жұмыс істеп, онда барлығы 22 студент ғана білім алды. Келесі жылдары олардың саны артып, өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясы, дарвинизм және генетика, топырақтану, гидробиология және ихтиология, гистология және цитология, микробиология, биофизика, биохимия, табиғатты қорғау кафедралары ашылып, соған сәйкес білім алушылардың саны да артты. Әртүрлі кезеңдерде кафедралар қайта құрылып және осы уақытта 6 кафедра қызмет атқарады.



Қалыптасқан алғашқы жылдардан-ақ биология факультеті профессор-оқытушылар құрамының деңгейінің өте жоғарылығымен ерекшеленіп келеді. Факультетте А.Н.Бартнев, П.И.Мищенко, П.И.Громаковский, Н.В.Павлов, А.С.Лазаренко, В.С.Корнилова, М.А.Розенберг, В.А.Догель, Г.З.Бияшев, Б.А.Домбровский, Т.Б.Дарканбаев, Н.Л.Удольская, Н.З.Хусаинова, М.Ф.Авазбакиева, А.П.Полосухин, С.Р.Шварцман, Т.М.Масенов, П.А.Лер және т.б. ірі ғалымдар мен дарынды педагогтар жұмыс істеді.


Факультеттің дамуына және жоғары білікті биолог мамандарды дайындауда факультет декандары, ҚР ҰҒА академиктері И.О. Байтулин, М.Х. Шигаева и Р.И. Берсимбаев үлкен үлестерін қосты.