Түлектер

Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» гуманитарлық зерттеулер орталығы көпсалалы институтының директоры.

Шаймерденова Н.Ж. – көптеген монография, сөздік, оқу құралдары, филология факультеттеріне арналған базалық жалпылингвистика курстарының типтік бағдарламалар авторы: «Введение в славянскую филологию», «Старославянский язык», «Основы теории перевода» т.б.; Қазақстан аумағы мен шетелдік басылымдарда 160-тан аса мақалалы жарық көрген. Өз жетекшілігімен 35 ізденушіні, соның ішінде 9 филология ғылымдарының докторын дайындаған.

Қазақстан Халықтар Ассамблеясы ғылыми-эксперттік кеңес мүшесі, Қазақстанның антикатанушы Алматы Ассоциациясының вице-президенті, КазПРЯЛ мүшесі, ресейлік жоғары оқу орны түлектері Қазақстан Ассоциациясының вице-президенті.

Досанова Альбина Маратханқызы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті жалпы тіл білімі кафедрасында «Лингвистика, жалпы психолингвистика, билингвистика» мамандығы бойынша Ph.D докторантура бөлімінде оқып, үздік аяқтап шықты. Ғылыми диссертациясының тақырыбы «Репатриант-қазақтардың тілдік бейімделуі», ғылыми жетекшілері болып филология ғылымдарының докторы, профессор Элеонора Сүлейменова Дүйсенқызы және АҚШ, Индиана университетінің PhD докторы, профессор Уильям Фиерман болып тағайындалды. (21.09.2008-21.12.2008) аралығында Досанова Альбина Индиана университетінде Блумингтон, АҚШ сондай-ақ, (01.04.2011-01.05.20011) аралығында Отто-фон Герике уиниверситтерінде Магдебург, Германия екі мәрте ғылыми оқу сапарында болып қайтты. Зерттеу жұмысы бойынша 30 ғылыми мақала жариялады. Атап айтқанда олар Греция, Финляндия, Түркия, Болгария, Армения, Ресей, Прага, Чехия басылымдары мен жоғары дәрежелі, түрлі бағыттардағы халықаралық ғылыми-теориялық, ғылыми практикалық конференцияларында жарияланды.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Досанова Альбина Маратханқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарып жүр.