Ғылыми жұмыс

Ғылыми жобалардың орындалуы

ҚР БжҒМ жобасы: «Әлемнің 50 біршама бәсекелестікке қабілетті елдерінің қатарына ену және Қазақстандағы ұлттық идея аясында үздіксіз жоғары білім берудің мазмұнын жетілдіру» («Ұлттық идея Қазақстанның тұрақты дамуның негізі ретінде» бағдарламасы)

Жұмыстың есеп беру кезеңіндегі нәтижесі және оның жаңалығы:

білім берудің социетарлық парадигмалар мен білім берудің әлеуметтік институтуционализмдік көзқарасы негізіндегі “бәсекеге қабілетті маман” санатының мәні ашылды; жоғары білім берудің консьюмеристік теориясы;

батыс ғалымдары мен олардың жүргізген зерттеулері негізіндегі білім берудегі ғаламдану және интернационалдық; халықаралық жоғары білім беру дамуының 20 маңызды факторы ашылды;

ҚР МЖМБС мен типтік оқу бағдарламаларындағы Қазақстандағы ұлттық ойдың көрініс табуы туралы ЖОО оқытушылары мен студенттерден сауалнама жүргізілді; “бакалавр” және “магистр”: академиялық құзіреттілігінің зерттеуге дейінгі сабақтастығының ұстанымдары ашылды; Дублиндік индикаторларды есепке ала отырып магистрлердің құзіреттілігін моделдеудің ұсыныстары жасалынды;

Қазақстан білім беру бағдарламалары мен шетелдегі “биология”, “информатика”, “химия” мамандықтарын бірізділендіріліп, білім берудің мазмұнын жетілдіруге практикалық ұсыныстар жасалынды;

Қазақстандағы ұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында білім беру бағдарламаларының сабақтастығы мен құзіреттілік көзқарастары, бәсекеге қабілеттілік талаптары негізінде білім беру бағдарламаларын жобалау үшін МЖМБС ұжымдарымен ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Талаптарға сәйкес магистратураның МЖМБС базалық компоненті жасалынды; “Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында жоғары кәсіптік білім берудің мазмұнын жетілдіру” тақырыбында республикалық дөңгелек стол өткізілді; осы аттас республикалық жинақ жарыққа шықты.