Жалпы мәліметтер

Жыл сайын Түркітану кафедрасында кафедраның оқу-әдістемелік жоспары бекітіледі. Осы жоспар негізінде кафедраның оқытушы-профессор құрамы оқу жүктемесінде бекітілген пәндер бойынша оқу-әдістемелік жиынтық пен силлабустар даярлайды. Кафедра білім сапасын жетілдіру мақсатында лекция, семинар және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар дайындап отырады. Арнайы түрде барлық мамандықтар бойынша бакалавр және магистратура студенттеріне оқулықтардың библиографиялық тізімі жасалынған.

Сондай-ақ Түркітану кафедрасында жыл сайын кафедраның тематикалық жоспары даярланып отырады, 2010-2011 оқу жылы негізінде кафедраның оқытушылары бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарын даярлады. Атап айтсақ, профессор Авакова Р.Ә. «Этнос. Мәдениет.Тіл», М., 2010

аға оқытушы Қалиев А.Қ. Түрік тілінің практикалық курсы. Алматы, 2011

оқытушы Теменова Г., Айтақынова Ү. Практикалық түрік тілі. Алматы, 2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түркітану кафедрасы 050214-шетел филологиясы: түрік тілі мамандығы 4 курс студенттері педагогикалық практикаларын Алматы қаласы қазақ-түрік қыздар лицейінде, Алматы қаласы қазақ-түрік жасөспірімдер лицейінде, кафедраның барлық жоғары курс студенттері Халықаралық қоғамдық (KATEV) қорында, Алматы қаласы түркі халықтары мәдени қорында, «KAZENKO» (Атырау қ.), «ИДИЛ-АКСУ Строй» ЖШС- терінде өндірістік тәжірибеден өтті және аталған тәжірибелер келісімшарт негізінде алдағы уақытта да жалғасын табады. Кафедра студенттері педагогикалық практикада оқу-тәрбие жұмысымен тікелей айналысса, өндірістік тәжірибелерін шыңдауда аударма ісіне тікелей және жанама қатысы бар жұмыстармен шұғылданады. Төменгі курстардағы 3-5 күндік оқу практикасы мен жоғары курстардағы дәрістерімен қоса жүретін үзіліссіз практикалар түркітану кафедрасы оқытушы-профессорларының жетекшілігінде кафедрада өтеді.

Досова С.Н., кафедраның аға оқытушысы PhD бағдарламасы бойынша 3 курста оқып жатыр (ҚБТУ), 2011 ж. 3 - 5 ақпанда Пуна қ. (Индия) өткен халықаралық конференцияға қатысты.

Габдуллин К.Т. 2011 ж. 9 ақпаннан 30 сәуір аралығында PhD бағдарламасы бойынша Дж.Неру ат. университетте (Дели, Индия) стажировкаға барып келді.

Көкеева Д. және Габдуллин К. откізу үшін Үндістан тарихы мен сыртқы саясаты бойынша тест сұрақтарын дайындады.

Көкеева Д., филос.ғ.к., Талгар қ. № 19 мектебінің 10 «А» сынып оқушысы. Молдаханов Кадыржанның «Дарын» атты жобаның ғылыми жетекшісі болды, жоба қазақ әдебиеттен аудандық олимпиадада 2 орынға ие болды.

Искакова З. и Көкеева Д. магистратураға түсуге арналған тестерді (80 с.) қазақ, орыс тілдерінде дайындады.