Пәнаралық зерттеулер

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында пәнаралық зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулерді филология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану Еуропа Академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының иегері Алуа Берікбайқызы Темірболат атқарады. 19 жыл бойы А.Б. Темірболат филология, эстетика, психология, физика, философия, гетерология, мәдениеттану тәрізді ғылымдардың жетістіктерін ескере отырып, қазіргі әдебиеттанудың ғылыми теорияларын терендетеді және әдіснамасын жетілдіреді. Ғылыми ізденістердің қорытындылары мақалаларында, монографияларында және оқу құралдарында нақты көрсетілген («Қазіргі прозадағы мекеншақ мәселесі», 2003; «Риторика», 2005, 2006; «Әдебиеттегі мекеншақ және темпоралды ырғақ категориялары», 2009; «Әдебиет теориясы», 2009; «Әдебиет поэтикасы», 2010, 2011, т.б.).

2011 жылдан бастап профессор А.Б. Темірболат бастаумен Тюмен мемлекеттік мұнай газ университеті, Ұлы Витаутас Университетом бірге «Қазіргі гуманитарлық ғылымдарының өзекті мәселелері» атты халықаралық және пәнаралық ғылыми жинақ жарық көреді. Бұл жинақта әдебиеттану, фольклорттану, лингвистика, философия, саясаттану, тарих, педагогика, психология боойынша Қазақстан, Литва, Ресей, Украина ғалымдарының енбектері шыққан.

 

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасындағы пәнаралық зерттеулердің негізгі бағыттары:

1) психологиялық әдебиеттану;

2) әдебиеттегі әлеуметтік зерттеулер;

3) әдебиет және мәдениет;

4) мәдениетаралық коммуникация контекстінде әдебиет және фольклор;

5) Әдебиет пен фольклорды оқытудағы компьютерлік және ақпараттық технологиялар.

Пәнаралық зерттеулердің нәтіжелері кафедра оқытушыларының дәрістерінде және семинар сабақтарында қолданылады.