Негізгі бет  →  Факультеттер  →  Шығыстану факультеті  →  Кафедралар   →  Арабтану және ирантану кафедрасы

Арабтану және ирантану кафедрасы

Ирантанушы және арабтанушы оқытушылардың негізгі ғылыми бағыты – Иран, Араб елдерінің тарихы мен мәдениеті, әдебиеті мен тілінің қазақ елімен байланыстары. Кафедра ұстаздары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар халықаралық, республикалық, ғылыми-теориялық конференцияларға қатысады, баяндамалар жасайды. Республикалық ғылыми жобаларға қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Ирантану және үндітану кафедрасы Қазақстан мен ТМД елдерінің ғылыми орталықтары және университеттерімен ғылыми байланыста: Ташкент Мемлекеттік университеті, Өзбекстан Республикасы ҒА-ның шығыстану институты, Л.И. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, ҚР ҒА-ның шығыстану институты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері тарихы институты, Қарақалпақ ҒА жанындағы тарих институты.

Кафедра профессоры Ө.Күмісбаев әрдайым ғылыми, публицистикалық, танымдық мақалалар жазады. Ғылыми-зерттеу мақалалары әдебиетші, тілші, тарихшы, шығыстанушыларға игі ықпалын тигізіп, жақсы бағаланып, ғылыми жинақтарға енген. Профессор, шығыстанушы ақын Ө.Күмісбаевтың шығармалар жинағы кітап болып, «Иранбақтың бұлбұлдары», «Иран әдебиеті», «Шәкәрімтану мәселелері» атты 3 томдық кітапта, «Шәкәрімтану» энциклопедиясында, «Қазақ әдебиетінің тарихы» 10 томдығында жарық көрді. Хорезмидің «Мухаббатнамасындағы» парсы тілінде жазылған лирикалық хаттарды тұңғыш рет қазақ тіліне аударды. Ө.Күмісбаевтың ғылыми еңбектері, кітаптары, монографиялары үшін 2000 жылы Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігінен «Білім беру ісінің үздігі» атағы, 2008 жылы Ахмет Байтұрсынов медалі мен «Саңлақ автор» деген атақ берілді.

Кафедра меңгерушісі Жумадилова Ғайни «Қазақстанның мәдени мұралары» бағдарламасы бойынша Орталық музейдің ежелгі деректер мен қолжазбалар бөлімінің ғылыми жобасында жұмыс істеді. Аға оқытушы Құдайбергенова Г.Қ. «Шәкәрім және парсы әдебиеті» тақырыбы аясында ғылыми ізденіс үстінде. Жақында «Грамматика персидского языка» оқулығы жарыққа шығады. Аға оқытушы Боранбаева А.Ж. «Иран филологиясына кіріспе» атты лекциялар жинағын жазды. А.Боранбаева парсы тілінің әртүрлі мәселелері бойынша мақалалар топтамасын жарыққа шығарды. Кафедраның аға оқытушысы Ф.Ахметова 2007-2008 оқу жылында Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени орталықтың жолдамасымен Тегеран университетіне екі айлық білімін көтеру курсына қатысты. Ф.Ахметова «Қазіргі Қазақстан мен Иранның қатынастары» деп аталатын ғылыми тақырып бағытында жұмыс істеп жүр. Т.Н. Махмутов пен Е.Қ. Қасабекова парсы әдебиетінің қазіргі даму кезеңдері мен Иран тарихының қалыптасу алғышарттары тақырыбында зерттеулер жүргізуде.

Аға оқытушы З.Искакованың ғылыми ізденіс шеңбері: түрік-үнді тілдерінің байланысы, хинди тілін оқыту әдістемесі, хинди тілі мен әдебиеті және Үндістандағы гендерлік мәселелер. Мынандай оқу құралдары: «Древнеиндийская мифология и истоки индийских религий», «Введение в индийскую филологию», «Методика преподавания языка хинди», «Индийская литература: древность и современность», сондай-ақ 20-дан астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

Филос.ғ.к., аға оқытушы Д.М. Кокеева мен т.ғ.к., аға оқытушы Д. Таубалдиева, кафедра докторанты К. Габдуллин, С.Н. Досова шығыс философиясы, мәдениеті, діні, тарихы мен саясаты, экономикасы тақырыбы төңірегінде ғылыми зерттеулер жасау үстінде.

Қазақстан Респуликасы Білім Министрлігі біраз уақыттан бері әр жыл сайын жоғары ғылыми және педагогикалық қызметтеріндегі жетістіктері үшін және оларды ынталандыру мен қолдау мақсатында «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» атты мемлекеттік грант бөліп отырады.

Бұл құрметті де, беделді гранттарды біздің кафедрадан алғандар

2005-2006 оқу жылында - доцент Қалиева Шынар Саяхатовна,

2008-2009 оқу жылында - Надирова Гульнар Ермуратовна.

Мұндай конкурсты университет өз ішінде де өткізіп тұрады. Оқытушы-профессорлар құрамы ортасында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы» анықталады. Арабтану кафедрасының бұл құрметті атағына

2009 жылы – доцент Атабай Батыш Алтайбековна,

2010 жылы доцент Жұбатова Баян Нурсултановна және Таджикова Клара Хажимовналар ие болды..

Университеттің 75-жылдық мерейтойына орай қызметі мен өмірі толықтай университет тарихы, оның жетістіктерімен тікелей байланысты адамдарға «әл-Фарабидің алтын медалі», «әл-Фарабидің күміс медалі» жүлделері тағайындалды. Қадірлі де қымбат бұл марапатқа кафедра меңгерушісі Надирова Г.Е. ие болды.

Білім мен ғылым дамуында, белсенді қоғамдық қызметі үшін      Республикалық марапатқа ие болғандар филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Е. Надирова «Ерен еңбегі үшін» медалін 2009 алды. Сол секілді «ҚР білім саласындағы құрметті жұмыскері» белгісін 2009 жылы алды.