Эдвайзерлер

  • Ұйымдастыру жұмысы. Қыркүйек айында кафедра эдвайзерлерінің тізімі және академиялық топтарда эдвайзерлердің тәрбие жұмысы бойынша жоспары бекітілді. 1 курс студенттерін ҚазҰУ ішкі ережелерімен таныстыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және кредиттік оқыту технологиясы бойынша эдвайзерлер кураторлық сағаттар өткізді. Кафедра эдвайзерлері 2020-21 оқу жылының пәндеріне тіркелу және жеке оқу жоспарын құру кезінде оқу жоспарының пәндерін таңдауға ықпал етті. Сессия барысында студенттерді аттестаттау барысын бақылау ұйымдастырылды.
  • Құқықтық тәрбие. Барлық топтарда ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "ҚР Білім туралы" Заңдарымен студенттерді таныстыру мақсатында кураторлық сағаттар өткізілді.
  • Салауатты өмір салтын насихаттау 1 курс студенттерін ҚазҰУ ішкі ережелерімен таныстыру мақсатында 1 курс эдвайзерлері салауатты өмір салты туралы кураторлық сағаттар мен пікірталас өткізді.
  • Куратор эдвайзерлердің жұмыстарын ұйымдастыру аясында студенттерге университеттің ішкі тәртібін және кредиттік технологиямен оқытуды түсіндіру мақсатындағы кураторлық сағаттар өткізіледі. Оқу жоспарындағы пәндерді таңдауға және тіркелуге байланысты жұмыстарға түсіндірулер жүргізіледі.
  • Эдвайзерлердің тәрбиелік жұмыстары келесі бағыттарды қамтиды: құқықтық тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттау, жатақханада жұмыс, азаматтық-патриоттық тәрбие, мәдени-қоғамдық жұмыстар.
  • Барлық куратор эдвайзерлер танысу мақсатында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы», "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңы түсіндірілуде.