Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті табысты мансапқа жеткен 8 мыңға жуық магистрлер мен PhD докторлар даярлап шығарды.
Сені магистратура мен PhD докторантураның ғылыми-жаратылыстанулық, техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бейіндердің барлық мамандықтарына шақырамыз.
Докторантураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру керек:
4) Білімі туралы құжаттар қосымшасымен (бакалавр/маман және магистр дипломдарының түпнұсқалары);
5) Ғылыми хатшымен/деканат қызметкерімен бекітілген ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі; авторлық куәліктер, грамоталар мен дипломдар және т.б. көшірмелері (бар болған жағдайда);
6) Басқа оқу орындарында, аспирантурада оқығанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
7) Жұмыс орнынан немесе жоғары оқу орнынан ресми бланктегі ұсыныс хат (факультеттің/жоғары оқу орнының Ғылыми кеңес хаттамасының көшірмесі түрінде болуы мүмкін);
8) Үміткердің ғылыми ізденістері аясындағы белгілі бір маманның атынан жазылған ұсыныс хат;
9) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
10) Кадрларды тіркеу бойынша жеке іс парағы және нотариалды бекітілген еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
11) 3,5 ´ 4,5 көлемдегі 6 фотосурет;
12) Құжаттар тізімі.
БОЛАШАҚ ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУГЕ КЕЛІСІМ-ХАТТАРЫН ТАПСЫРҒАН ҮМІТКЕРЛЕР ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАНУҒА БАСЫМ ҚҰҚЫҚҚА ИЕ.
19 шілде күні ҚР БжҒМ комиссиясының жұмыс жасауына байланысты магистратура мен PhD докторантураға құжаттар сағат 13.00 мен 19.00 аралығында қабылданады.