Кафедраның тарихы

«Қаржы және аудит» кафедрасы 2001 жылғы сәуірде жоғары білімді халықаралық үрдіске сай мамандарды екі мамандық бойынша дайындау мақсатында құрылды: «Қаржы және несие» және «Бухгалтерлік учет және аудит»

 

Кафедра мамандарды дайындауды 2 бағытта жүргізді: 

  1. «Қаржы және несие» бойынша мамандарды даярлау келесі мамандықтар арқылы жүзеге асырылды: «Банк ісі», «Салық және салық салу», «Қаржы менеджменті» және банк, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар үшін жоғары дәрежелі мамандарды даярлау жүргізілді. Қаржы Министрлігі, Экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігі, Салық комитеті, Кеден Комитеті, Қаржылық бақылау Комитетіне және әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерге қаржылық қызмет көрсетуші мамандар даярлау жүргізілді.
  2. «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша экономист- бухгалтерлерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің әр түрлі нысандары бойынша дайындады.

Кафедра оқу үрдісі кезінде шетел және отандық тәжірибені қолдана отырып, жоғары білікті деңгейдегі мамандарды дайындауға өз үлесін қосты.

2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қаржы және аудит» кафедрасынан «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы бөлініп шығып, «Қаржы» кафедрасы дербес жұмысын бастады.

«Қаржы» кафедрасы қаржы саласындағы жоғары классты және бәсекеге қабілетті маман дайындайтын кафедра болып табылады.

Сонымен кафедра жыл сайын білікті маман даярлап, мемлекетке өз үлесін қосуда. Алғашқы түлектер банкте, фирмалар мен компанияларда және жоғарғы оқу орындарында сабақ береді.

Кафедраның оқу процессі отандық бай салты бар жоғары мектеп пен шетелдік тәжірибе негізінде қалыптасқан. Нәтижесінде студенттер қаржы әне банк ісі жайлы әлемдік жаңа табыстармен таныса алады.