Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің құрама командасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры ұйымдастырған «Инттелектуалдық олимпиадалар IQ-games» тележобасының жартылай финалына шығып, ақтық ойынға шығу үшін жолдамаға таласады.
Биыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің намысын қорғайтын команданың мүшелері ересектер мен студенттер арасындағы қалалық және республикалық интеллектуалдық ойындарының жеңімпаздары Серікұлы Алмас (3 курс, заң факультеті), Шегір Ерден (3 курс, Механика-математика факультеті), Буханов Айдар (3 курс, Физика-техникалық факультеті) және Умаров Кадырбай (3 курс, Философия және саясаттану факультеті).
Биылғы жылы бұл тележобаға Қазақстанның 16 үздік университеттері қатысқан (Назарбаев Университет, ҚБТУ, КИМЭП, СДУ және т.б.). Ал IQ-games ҚазҰУ тобының ресми қолдаушысы - Мансап және бизнес орталығы.
Мансап және бизнес орталығы барлық студенттерді, магистраттарды, докторанттарды Көшбасшылық дәріске шақырады:
Санжар Боқаев – саясаттанушы, саясаттану ғылымының докторы PHD (Колумбия университеті). Алматы қаласының жастар мәселесі жөніндегі Басқарма бастығы, тәуелсіз блоггер. Дәріс 20 ақпанда 2013ж. сағ. 15.10, заң факультетінің 4-залында өтеді.
Шаяхметова Үміт Болатханқызы – Халық банкінің Басқарма төрайымы. Дәріс 21 ақпанда 2013ж. сағ. 14.30, Ғылыми кеңес залында 15- қабатта өтеді.
9 ақпан сағат 11:00-де механика-математика факультетінің сары залында «Ашық кафедра» жобасы аясында жұмыс берушілермен кездесу өтеді.
Бимендина Ж. Н. «AIR ASTANA» - акционерлік қоғамының персоналды басқару бойынша вице-президенті, Шегай Станислав - бөлім бастығы, Данияр Тенелов - «Охота на работу» компаниясының директоры, Жанайдар Еркеғұлов - даму бойынша директор, Айдар Жұмабаев - жұмыс берушілердің қозғалыс бренді жөніндегі директоры. Ашық кафедра қонақтары:Ержанова Альбина - ENACTUS KAZAKHSTAN президенті, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, Айдар және Даниял Какабаевтар - ENACTUS KAZAKHSTAN ұлттық кеңсе қызметкерлері.
Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы жер қатынастары саласының мамандықтарын оқып жатқан 3-4 курс студенттерін Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 36-42 ғимаратында орналасқан Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясында тәжірибе өтуге шақырады. Тәжірибе өту барысында ақы төленбейді, бірақ болашақта жұмысқа орналастыру қарастырылуда. Байланыс телефондары 8 (7282) 240413, факс 240366.
KPMG компаниясы 3-4 курс студенттеріне Салық бойынша кеңес беруден кездесу ұйымдастырады.
Егерде Сіз салық кеңесімен қызығып, салық бойынша кеңес беруден көп мағлұмат білгіңіз келсе, “ Career as a Tax Consultant ” қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
• ЖЭЖБ факультетінің 3-4 куср студенттері
• Еркін ағылшын тілінде сөйлеу
• Салық кеңесіне қызығушылық
Қызығушылық танытқан талапкерлер өз түйіндемелеріңді graduate@kpmg.kz почтасына 18 қаңтарға дейін, қысқа обзац ретінде салық бойынша кеңес беруге деген қызығушылығыңызды жазыңыз. Байланыс телефоны: + 7 (727) 298 08 98
АҚ "Темiрбанк" ҚазҰУ студенттерін IT Департаментте тәжірибе өтуге шақырады. ЖОО 10 ең жақсы студенттері тәжірибе өтуге сұрыпталып келешекте жұмысқа орналаса алады.
Талаптары:
4-курс студенттері мен магистарнттар мына мамандықтар бойынша:
Ақпараттық жүйе
Есептеу техникасы
Бағдарламалық жасақтама
Автоматизацияландыру және басқару
Байқауға қатысу үшін мәлімдеме 20 желтоқсанға 2012ж.дейін қабылданады.
«Ағылшын-Қазақ Орталығына» жарты күнге практиканттар мен стажерлар керек. Іріктеуден өткен және өзін жақсы жақтан көрсеткен студенттер орталықтың штатына кіреді.
Орталықтың бағыты: Тіл үйрену мектебі; Шет елде білім алу; Халықаралық жәрмеңкелерді ұйымдастыру.
Барлық сұрақтар бойынша Тіл мектебінің менеджері-Арайға мына телефондар: + 7 727 2729548, Fax: + 7 727 2729876 арқылы хабарласыңыз, түйіндемені мына E-mail: arailym@akcgroup.kz жіберіңіз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зияткерлік меншік құқығының ассоциациясымен Бизнес және мансап орталығы 1-4 курс студенттері мен магистранттарын “ALMATY BUSINESS GAME’ атты алғашқы ЖОО аралығындағы ойынға қатысуға шақырады! Не? «ALMATY BUSINESS GAME» Қайда? ГУК-3 3 зал (заң факультетінің 3 дәріс залы) Қашан? Сағ 18:00 29 қараша 2012ж ***“ALMATY BUSINESS GAME’ – АҚШтың «Harvard Business School» да өткізілетін іскери ойын. Қосымша ақпарат: +7 701 263 42 60 Әділет +7 707 826 90 95 Мейржан vk.com/kipla