Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері Индияның әскери парадында!

02.02.2019

Көрулер: 3545

2019 жылдың 15-30 қаңтар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әскери кафедра  студенттері Индия Республикасына барып қайтты.

Сапар барысында, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Индияның Ұлттық кадет Корпусының ынтымақтастық Меморандумның шеңберінде әскери кафедра студенттері Айдар Аймаков, Танирберген Сатыбалдиев, Индира Жолмагамбетова  және  Айжан Кызылтаева Индия Республикасы Күніне арналған бағдарламаларға қатысты.

Қазақстанның студенттік делегациясы жоғарғы деңгейде қарсалынды, Индия Президенті, Премьер-Министрі, Қорғаныс Министрі, ӘТФ Қолбасшысы жәнеде басқа да жоғары шенді тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылды.

Мерекелік  шаралар  жоспары бойынша        біздің студенттер Индия Күніне арналған әскери парадқа, Премьер-Министрдің парадына, мемлекеттік басты мейрамға арналған түрлі шақыруларға  қатысты.

Индияның Ұлттық кадет Корпусының бастығының шақыруында біздің студенттеріміз қазақтың ұлттық "Қара жорға" биін  орындағанда барлық қатысушылар   ду қол шапалақтаумен орнынан тұрды.

Осындай сапарлар екі елдің достығын нығайтуына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер имиджін мемлекетіміздің халықаралық беделін  көтеруіне маңызы зор.