Алматы қаласының үздік мектептері үшін «Сарбаз» әскери-патриоттық ойынына іріктеу басталып кетті.

13.04.2018

Көрулер: 3680

2018 жылғы 2 сәуірден бастап Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында аталмыш жоғары оқу орны ректорының кубогына «Сарбаз» II патриоттық ойыны басталып кетті.

Патриоттық ойынның демеушілері «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газеті мен «Парасат» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жұмысшыларының кәсіподағы болып табылады.

Ойынның бірінші кезеңінде Алматы қаласының аудандарында
2018 жылғы 27 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының базасында өтетін патриоттық ойынынның финалына қатысатын ең үздік команданы анықтау үшін іріктеу өткізіледі.

Патриоттық ойынның негіздерін әскери қолданбалы кезеңдер мен шығармашылық конкурстар құрайды, онда мектеп оқушылары еліміздің және Қарулы Күштеріміздің тарихы туралы білімін көрсетеді, Қазақстанның батырлары мен еңбек сіңірген қайраткерлері туралы айтып, патриоттық өлеңдер мен әндерді орындайды. Патриоттық ойынның соңғы бөлімі әскерилендірілген эстфетамен аяқталады.

Патриоттық ойын кезеңінде балалар үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студент жігіттері мен қыздары әндетіп салтанатты шерумен жүріп өтеді, Құрлық әскерлері ӘШҚҚ әскерлерінің әскери-есептік мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер зенитті құрылғыларды жауынгерлік жағдайға келтіру бойынша нормативтерді орындаса, «Дене дайындығы мен спортты ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын студенттер қоян қолтық ұрыс элементтерін көрсетеді. Ал, тәрбие және идеологиялық жұмыстар циклының студент қыздары мен жігіттері оқушылар алдында концерттік бағдарламаларымен өнер көрсетеді.

Ойынның соңында барлық қатысушылар мен қонақтарға сарбаздарға арналған ботқа ұсынылады.